• eng
  • қаз
  • рус

Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын SAILAU_ALMATY2019 Telegram-боты арқылы біле алады

SAILAU_ALMATY2019 Telegram-боты алматылықтарға өзін және жақындарын сайлаушылар тізімінен тексеруге, сондай-ақ өз сайлау учаскесінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді. 

Чат-ботты пайдалану үшін Telegram-ның іздеу жолағына SAILAU_ALMATY2019 атауын жазу, қосылу және «старт» командасын басу қажет. ЖСН енгізілгеннен кейін виртуалды көмекші сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын жібереді. 

Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына мына нөмір арқылы хабарласып, кеңес алуға болады: + 7 727 224 22 22 (сағат 8.00 - 23.00, демалыссыз). 

Сондай-ақ ыңғайлы болу үшін Алматы қаласы әкімдігінің және Open Almaty  қоғамдық қабылдауының сайттарында арнайы бөлім құрылды, оның көмегімен ЖСН енгізу арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.