• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтар денсаулық сақтау саласындағы бақылау кеңестеріне мүше бола алады

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекеттік кәсіпорынды тиімді басқару, қызметке қолайлы жағдай жасау мақсатында заңнамаға сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы 15 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында байқау кеңестерінің мүшелігіне кандидаттарды конкурстық іріктеуді өткізу бойынша конкурс жариялады.

Алматы қаласында денсаулық сақтау ұйымдарында Байқау кеңестерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Кеңестер құру кәсіпорынды алқалық басқарудағы жаңа кезеңін ашатынын айта кеткен жөн.

Соңғы уақытта денсаулық сақтау жүйесінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және аса маңызды мәселелерді шешуге қалың жұртшылықтың тартылуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Басқарма жүргізген транспаренттілік және есеп берушілік жөніндегі жұмыстың арқасында сыбайлас жемқорлық азаюда, мемлекеттік биліктің сапасы, демек, біздің еліміздегі әрбір азаматтың өмір сүру сапасы да жақсаруда.

Егер Сізді медициналық мекемелердің қызметі қызықтыратын болса және алаңдатар болса және Сіз осы ұйымдарды басқаруға қатысқыңыз келсе, онда Сіз Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау саласындағы Байқау кеңесі мүшесінің позициясына конкурсқа қатыса аласыз.

Кеңес құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, экономистер мен қаржыгерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері кіре алады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі


 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.