• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтар қардың уақытында тазаланбағаны туралы «жедел» желіге хабарлай алады

Алматы әкімі қаланың коммуналдық қызметінің қысқа дайындығын тексерді. Бауыржан Байбек мегаполистің барлық аудандарына қала тұрғындарының қарды уақытылы тазарту және өзге де өтінімдеріне шұғыл назар аудару үшін «жедел» желі мен учаске бастықтарының, аудан әкімдері орынбасарларының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық стенд орнатуды тапсырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл ақпарат Алматы тұрғындарына қолжетімді болу үшін Интернет желісіне ашық түрде жарияланады.

Алматы көшелерін реконструкциялау аясында және «Қала адамдар үшін» тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында коммуналды қызметке жаяу жүргіншілер жүретін тротуарларды, аялдамаларды жедел тазарту, аулалар ішін тазартуда ПИК-тердің жұмысын күшейту қажеттігі ескертілді. Осы іске жауапты мердігерлік ұйымдардың жұмысын Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бақылайтын болады.

«Қаланы реконструкциялауға байланысты жаңарған даңғылдар мен көшелерде арнайы техника, оның ішінде көпфункционалды Pony машиналары, мини жүктиегіштер, жеңіл тракторлар жұмыс істейтін болады. Ал жұмысшылар төселген заттарға еш ақау түсірмейтін арнайы құралдарды пайдаланады», - деді басқарма басшысы Әсет Масабаев.

Ол өз сөзінде қалада қардан тазартылатын жолдың жалпы көлемі 20 млн. м².екенін айтты. Көшелерді қыста 13 мердігерлік ұйым, 1285 арнайы техника тазартады. Жол тазалайтын жұмысшылар санын 1700-ден 3200 адамға жеткізу жоспарланған.

Аудандар бойынша өндірістік базалар құрылған, бұл қар тазалау жұмыстарын 1,5 есе жеделдетеді. Жұмысшылар орналасқан маңда модульды контейнерлер қойылады, олар сол жерде киініп, жылынып, ыстық ас ішеді. Полиция және Құтқару қызметімен бірге эвакуатор кезекшілігі ұйымдастырылады және сыпыру-жинау техникалары қатар жүреді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.