• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтар үшін 56 мың бос жұмыс орны қолжетімді

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов халықты жұмыспен қамтуды жақсарту барысында атқарылып жатқан шаралар туралы жан-жақты айтып берді.

«Біз биылғы жылы барлығы 56 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді Д.Әлкебайұлы және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 26 мың адамды қамту жоспары бар екенін атап өтті.

Айта кетерлігі, бос орындарға орналасу үшін жұмыс іздеушілерге Жұмыспен қамту орталығына бару керек.

«Орталық мамандары біліктілік бойынша қандай жұмыстың қажет екенін, қай ауданнан ұсынылғанын, жұмыстың ыңғайын жан-жақты қарастырып, вакансияларды ұсынады. Локациялық жағынан тұрғылықты мекенжайы   назарға алынады. Әсіресе,көпбалалы аналарға қолайлы нұсқалар таңдалады», - деді Д.Әлкебайұлы.

Басқарма мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бері қарай халықты Жұмыспен қамту орталығына 27 мыңнан астам адам жұмыс іздеп келген, олардың ішінде 13,5 мың адам еңбекпен қамтылса, соның ішінде Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 5,5 мың адам жұмысқа орналасқан. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және азаматтарды жұмыспен қамтуды сәтті жүзеге асыруда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында кәсіпкерлер үшін 3 ынталандырушы тетіктер қолданылады. Бұл қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі.

Қоғамдық жұмыстарға жасап отырған қызметі қала үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыда пайда әкелетін жұмыс берушілер қатысады. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы азаматтардың еңбегін халықты Жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыс берушілер берген мәліметтер негізінде төлейді және ол 2 АЕК (85000 теңге) құрайды.

«Егер кәсіпкер жұмыс іздеушіні қоғамдық жұмыстарға қабылдайтын болса, онда мемлекет әрбір жұмысқа тұрған адам үшін жыл соңына дейін екі рет төменгі жалақы төлейтін болады. Ол әлеуметтік салықтарды ұстамағанда 85 мың теңгені құрайды», - деп түсіндірді Н.Әбілшайықов.

Қоғамдық жұмыстарға   қамтылу ұзақтығы 12 айға дейін.

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілермен олардың меншік формасына қарамастан, сондай-ақ, үйде де ұйымдастырылады. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша қатысушы азаматтардың еңбегі жұмыс берушімен белгіленген жалақыдан 35 пайыз мөлшерінде субсидия беру арқылы, бірақ 1 АЕК- тен аспаған (42500 теңге)көлемде төленеді.

«Егер сіз өзіңіге бухгалтер көмекшісі болып жұмыс іздеген адамды алатын болсаңыз, оның еңбекақысының 35 пайызын мемлекет өтейтін болады», - деп қосты сөзіне Н.Әбілшайықов.

Әлеуметтік жұмыс орындарына осыған орай біліктілігі бар азаматтар жіберіледі.

Жастар тәжірибесі: барлық меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Жастар тәжірибесі бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. Еңбекақыны төлеу республикалық немесе жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылып, 25 айлық есептік көрсеткіш – 69 450 теңгені (салықты, міндетті әлеуметтік аударымдар, пайдаланылмаған еңбек демалысы және банк қызметтері үшін өтемақыларды ескере отырып) құрайды.

«Техникалық және кәсіби білім алуға да мүмкіндік жасалған, оны меңгеруге жоғарғы оқу орындарына түсе алмаған немесе кәсіби техникалық білімді меңгергісі келген мектептердің 9-11сынып түлектері шақырылады. Осы бағытта біз 2,5 мың жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді Д.Әлкебайұлы.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.