• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарды жаңа мамандықтарға тегін оқытады

Алматының 2 мыңнан астам тұрғыны қаладағы ірі компаниялары мен университеттерде орналасқан белгілі оқу орталықтарында тегін оқытылады. Жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, сондай-ақ 16-29 жас аралығындағы жастар 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді курстарда оқуды бастайды.

«Биыл біз оқу орталықтарын іріктеу мен мамандықтарды таңдауда мүлдем жаңа тәсілдер қолданатын боламыз. Біз нарықта үздік жеткізушілермен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Қазір оқу орталықтары қатаң іріктеу кезеңінен өтуде. Айта кетерлігі, олар дуальді оқытуды қолданып, қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы, оқушыларды жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейі және т.б. болуы тиіс», - деді Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Дәуірбек Әбуов.

Жұмыспен қамту орталығы кемінде 30 оқу орталығымен жұмыс істейтін болады, олардың жартысы жекеменшік, қалғаны – мемлекеттік болады деп болжануда.

«Біз өңірдің ерекшелігіне қарай ең қажетті мамандықтарды таңдап, олардың тізімін арттырдық. Егер өткен жылы тізімде 32 мамандық болса, биыл - 48. Ең қажетті мамандықтар үштігіне автобус жүргізушісі, есепші және аспазшы кіреді. Жаңа бес бағытқа веб-дизайнер, туризм жөніндегі менеджер, бармен, бариста және гүл өсіруші жатады. Оқу мамандығына және оқу орталығына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жалғасады. Бұл ретте бағдарламаға қатысушылар 16,7 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Сонымен қатар, курс аяқталғаннан кейін әрбір оқу орталығы өз студенттерін жұмысқа орналастыруға міндеттеледі», - деді Әбуов.

Ең қажетті мамандықтарға кеңейтілген квота бар. Мысалы, автобус жүргізушісіне 300 орын, ал тас қалаушыға – 40 орын бөлінген.

«Біз «BI-Group» құрылыс компаниясы үшін жұмысшыларды дайындайтын BI University корпоративтік университетімен серіктестік орнатуды жоспарлап отырмыз. Серіктес Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы үшін қысқа мерзімді курстар аясында бетоншылар, тас қалаушы және қалыптаушылар дайындайтын болады. Сондай-ақ біз Алматы құрылыс-техникалық колледжімен жұмыс істеуге ниеттіміз, онда «Knauf-Гипс Қапшағай» ресурстық орталығы бар. Knauf-Гипс Қапшағай – халықаралық компания, әлемдегі ең ірі құрылыс материалдарын өндірушілердің бірі. Олар бізге сырлаушылар мен сылақшыларды дайындайды. Жалпы, біз мамандардың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандыруға ниеттіміз», - деп түйіндеді спикер.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.