• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарға біліктілігін арттыру үшін Coursera.org сайтынан 5000 тегін лицензия беріледі

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өикен онлайн брифингте цифровизация Басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев хабарлады.

Бүгінгі таңда оқу орнында білім алу үшін  дәрістер мен практикалық сабақтарға күнделікті бару қажет емес. Үйден шықпай-ақ оқып, білім алуға болатын көптеген веб-сайттар мен қызметтер бар. Бұл қызметтердің ішіндегі ең үлкені және беделдісі – Coursera болып табылады.

Алматыдағы Цифрландыру басқармасы мен  жұмыспен қамту орталығы Coursera компаниясымен әлемнің жетекші университеттеріне 5000 студентті  ақысыз қабылдауға мүмкіндік беру туралы келісімге қол жеткізді. Келісімге сәйкес, оған 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін қол жеткізуге болады. Бұл мүмкіндік тіркеу процесін 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтаған пайдаланушыларға ғана беріледі.

Coursera — бұл әлемнің үздік университеттерінің онлайн курстарын ұсынатын онлайн білім беру платформасы. Қазіргі уақытта оның 48 елде 200-ден астам серіктесі бар. Бұл серіктестер — Стэнфорд, Пенсильвания, Принстон, Мичиган, Пекин университеттері. Сонымен қатар Coursera IBM, Google және PwC сияқты  компаниялармен серіктестік орнатты. Бұл компаниялар да  Coursera бойынша  курстар жасап жатыр.

Coursera қалай жұмыс істейді? Курсқа  тапсырмалар, апта сайынғы тесттер және қорытынды емтихан кіреді және курс соңында  сертификат беріледі. Әр курс ұзақтығы-таңдаған бағдарламаға байланысты 6-10 апта аралығын қамтиды.

Онлайн-платформа барлық материалдардың бір жерде болуымен ыңғайлы. Өйткені жүйеге сөздік, жаттығу жиынтықтары біріктірілген. Мұның бәрі қажетті бағдарламаны оңай іздеп, табуға көметеседі. Курстар-жаңадан бастаушыларға да, өз деңгейлерін жақсартқысы келетіндерге де жарамды.

Қалай өтініш беруге болады? Әлемдегі ең жақсы білім беретін сайттардың курстарына қатысу үшін, аты-жөні, қызмет түрі және электронды поштасы көрсетілген өтінішті almaty.coursera@mail.kz электронды мекен-жайына жіберу керек. Содан кейін электронды поштаға шақыру хабары жіберіледі. Тіркелгеннен кейін сайтта ұсынылған кез-келген курстарды, мысалы IT, қолданбалы және гуманитарлық ғылымдар, экономика, медицина, менеджмент және маркетинг және т. б. курстарын таңдай алады.

Өтінімнен кейін 5 күн ішінде жауап келеді. Егер жеке кабинет екі аптадан артық қолданылмаса, бірден жойылады. Білім алушылар саны шектеулі, яғни 5000 адам.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.