• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарға «Coursera» платформасында әлемнің жетекші университеттерінің білім беру курстары қолжетімді болды

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының хабарлауынша, 2020 жылғы 30 қыркүйегіне дейін «coursera» онлайн-білім беру платформасында тіркелетін алматылықтарға әлемнің жетекші университеттерінің курстары тегін болады.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылғы 3 тамызда Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы мен Жұмыспен қамту орталығы Coursera компаниясымен 5000 адамға әлемдік ірі жоғары оқу орындарынан тегін курстардан өтуге мүмкіндік беру туралы келісімге қол қойған болатын.


Осылайша, кез-келген алматылық үйден шықпа-ақ, Stanford University, University of Pennsylvania, Princeton University, University of Michigan, Peking University сияқты алып оқу орындары өткізетін курстардың студенті атана алады.

Келісімшартқа сәйкес, 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін тіркеуден өткендерге 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін тегін қатысу мүмкіндігі бар.

Тіркелу үшін өтінімді almaty.coursera@mail.kz эл. поштасына мына мәліметтерді міндетті түрде жіберу керек:
- аты-жөні;
- қызмет түрі;
- электрондық мекенжайы.

Әрі қарай, 4 күн ішінде көрсетілген электрондық мекенжайға шақыру келеді.

Студент тіркелгеннен кейін онлайн дәрістер арқылы келесі бағыттар бойынша курстарды игере алады:
- IT
- қолданбалы және гуманитарлық ғылымдар
- экономика
- медицина
- менеджмент
- маркетинг.

Курс аяқталғаннан кейін студент растайтын сертификат алады.

Айта кету керек, «Coursera»-да екі аптадан астам уақыт бойы жеке кабинетті пайдаланбаған жағдайда, тіркелу жойылады.

Толық ақпаратты мына жерде оқуға болады: digital-almaty.kz

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.