• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарға таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігі еске салынды

Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов алматылықтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды.

«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының есіне таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым ережелерін еске салғым келеді. От жағуға , рұқсат етілмеген орындарда тамақ дайындау үшін мангалдар мен басқа құралдарды пайдалануға болмайды», - деді Арман Байгелов.

Сонымен бірге, рұқсат етілмеген орындарда темекі шешуге болмайды, себебі шырпы мен темекі тұқылы өрттің тұтануына әкелуі мүмкін. Сонымен бірге, Алматы тұрғындарынан таулы-орманды жерлерде май сіңген немесе бензин, керосин немесе басқа да жанар-жағармай заттары бар материалдарды,күн сәулесі түсетін орман алаңына бөтелкелерді, шыны сынықтарын және басқа да қалдықтарды тастамау керектігі айтылды,өйткені олар да өрттің шығуына себепкер болуы мүмкін. Таулы жерлерде құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады.

«Азаматтар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар, орманды өрттен қорғаңыздар!», - деді ТЖД қызметкерлері.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.