• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарға жылу желілері сынақтан өткізілетін жерлерге көлік қоймауға кеңес берілді

10 шілде күні сағат 5.00-ден 8.00-ге дейін Яблочков – Азов – Рысқұлов – Серіков – Ратушный – Ангарский – Үлкен Алматы арнасы – Момышұлы – Ақ қайнар – Мөңке би – Боралдай көшелері бойында жылу желілері сынақтан өткізіледі, қала тұрғындарына аталған учаскелерге көлік қоюдан уақытша бас тартқан жөн.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері атап өткендей, қабылданған қауіпсіздік шараларына қарамастан жердің бетіне су немесе будың шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамай, оқиға орнынан дереу кетіп, 378-06-65 немесе 109 телефон нөмірлері арқылы хабар беру қажет.

Аталған аумақтарда тұратын барлық тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.