• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарға жылу желілері сынақтан өткізілетін жерлерге көлік қоймауға кеңес берілді

13 мамыр мен 05 маусым аралығында (күн сайын сағат 03:00-ден 07:00-ге дейін) Алмалы, Бостандық, Медеу, Әуезов, Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандары аумағында қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын ескеріп, жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілетін учаскелерге көлік қоймаған жөн.

Қауіпсіздік шараларына қарамастан жердің бетіне су немесе будың шығуы, жол жабынының бұзылуы сияқты штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамай, оқиға орнынан дереу кетіп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС +7 727 378 06 65 телефонына немесе 109-ға хабарласу қажет.

Аталған аумақтарда тұратын барлық тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Гидравликалық сынақ қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.