• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыны дамытуға бағытталған ұзақ және орта мерзімді шаралар әзірленді

Қаланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында ұзақ және орта мерзімді шаралар әзірленді.

Атап айтқанда, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың өсуіне бағытталған төрт маңызды құжат дайындалды: «Алматы-2050» даму стратегиясы, «Жаңа Алматы» шет аймақтарды дамытудың кешенді жоспары, Алматы агломерациясын дамыту бойынша «Үлкен Алматы» жоспары, «Алматының ерекше мәртебесі туралы» Заң.

«Алматы-2050» даму стратегиясы – бұл қала болашағының пайымы. Стратегия шаһарды дамытудың түбегейлі жаңа кезеңін ашып, үш қағидатқа негізделеді: жаңа экономика, жаңа кеңістік және жаңа коммуникациялар.

«Алматы-2050» стратегиясы 7 негізгі бағытты қамтиды: Шетсіз қала, Ақылды қала, Тең мүмкіндіктер қаласы, Қауіпсіз қала, Жасыл қала, Жаһандық іскерлік орталық, Мәдени креативті қала. «Шетсіз қала» қағидаты ерекше маңызға ие. Бұл аудандарды дамытуда тепе-теңдікті сақтауға, қаланың барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» жоспары. Соңғы 10 жылда қала аумағы екі есе өсті. Бұл ретте жаңа аудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігі күрт өсті. Жоспарда көрсетілгендей, 2030 жылға қарай алматылықтардың саны 3 млн адамға жетуі мүмкін. Осыған байланысты қала әкімдігі мегаполисті дамытудың бесжылдық кезеңге арналған кешенді жоспарын әзірледі. Үкімет оны бекітті. Басты мақсат – әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Бұған инженерлік желілердің тозуын азайту, орталықтандырылған сумен жабдықтауды және жарықтандыруды 100%-ке жеткізу, жол сапасын жақсарту және т.б. міндеттері кіреді.

Алматы агломерациясының жоспары ішкі көші-қон мәселелерін шешеді. Жоспарға сәйкес, үлкен Алматыны дамытуда көлік инфрақұрылымы мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек. Осы жоспарды іске асыру мақсатында ҮАААЖ айналма жолына 6 көшені жеткізу, қала аумағында 3 көлік торабының құрылысы, облыстың 5 елдімекенінде автовокзал салу қарастырылуда. Орта мерзімді жоспарда – Ұзынағаш, Қаскелең, Талғар және Есік елдімекендеріне дейін батыс және шығыс бағытта қала маңындағы электр пойызы қозғалысын ұйымдастыру.

Азық-түлік белдеуін ұйымдастыру мақсатында қала айналасында 4 көтерме-үлестіру орталығы, 2 ет комбинаты, 7 жылыжай, 2 сүт фермасы салынатын болады. Алматы агломерациясы жаңа жоспарының арқасында қала маңы көпфункциялы аймақтар ретінде дамиды деп күтілуде.

«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң 28 мәселе бойынша әкімдіктің құзыретін кеңейтеді. Заңнамалық өзгерістер әкімдікке қалалық ортаны, жер активтерін, көлік және басқа да қалалық қызметтердің жұмысын басқару, әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ қала құрылысы мен сәулет бойынша кең ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, мегаполис әкімінің есептік кездесуінде рекордтық 3,2 мың адам жиналды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.