• eng
  • қаз
  • рус

Алматыны қолаңса иіс пен күл-қоқыстан құтқару үшін эко-бокстар орнатылады

Қыркүйектен бастап Алматыдағы барлық әлеуметтік нысандарға эко-бокс қойылғалы жатыр. Бұл қолқаны қабатын қолаңса иістен құтылуға көмек бермек. Бірақ Алматының экологиясын жақсартуға кедергі келтіретін жандарға жұрттың шағымы толастамай тұр.

Ксения Бостанова, үйінен шығатын қоқыстың бір кәдеге жарауы үшін арнайы қалдық қабылдайтын пунктке әкеліп өткізуді әдетке айналдырған. Бір жылдан бері, экология мәселесіне бей-жай қарамайтын бойжеткен, айналаны таза ұстауды әр адам өзінен бастауы керек деп есептейді.

«Қапшағай тас жолы бойында қоқыс полигонын, оған үймелеген құстарды көріп ойландым. Сасық исі мүңкіген күл-қоқыс ауаға қаншама зиян келтіреді. Сол нәрсе маған қатты әсер етті. Осыдан соң қалдықтарды қоқыс қабылдау орындарына өткізуді әдетке айналдырдым», – дейді Ксения БОСТАНОВА.

Қалада қоқыс қабылдайтын 24 пункт бар. Олардың әрқайсысы ай сайын 10 тонна тұрмыстық қалдық өткізеді.

«Қалдықтарды арнайы қабылдау пунктіне әкеліп тастайтын адамдар жыл санап көбейіп келеді. Араларында, бір тиын да ақша алмай, тек экология үшін деп тастап кететіндер де бар. Біздің бір өтінеріміз, тұрғындар барлық қалдықтарды сұрыптап, тазалап өткізсе екен», – дейді «Атакент» макулатура және қайталама шикізат қабылдау пунктінің қабылдаушысы Татьяна ФЕДОСЮТКИНА.

Дүңгіршекке ретсіз тасталған қалдықтарды жаппай полигонға апарып төкпес үшін, Алматыда былтыр қоқыс сұрыптайтын кәсіпорын ашылған. Талап – тамақтан басқасының бәрін қайта өңдеу. Бүгінде мекеме күніне кем дегенде мың тонна қоқыс сұрыптайды.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда полигондар кейбір қоқыстарды қабылдамайтын болды. Ол – пластикалық ыдыстар, қағаз қалдықтары. Сондықтан, ол үшін қайта өңдеу зауыты салынды. Бүкіл Алматы қаласының қалдықтары сонда апарылып, сұрыпталады да, шикізат алынып, қалған сұрыпталмайтын қоқыстар полигонға жөнелтіледі», – деді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Елдос ЖАЛБАҒАЕВ.

Мамандар, алматылықтардың эко-мәдениетін бұдан ары арттыру үшін күзден бастап барлық әлеуметтік нысандарға арнайы эко-бокстар орнатпақ.

Ақпарат көзі: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.