• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының 14 шағынауданында жаңа жолдар салынады

 

Алматыға қосылған аумақтардағы 6 шағынауданның асфальт жабыны жоқ көшелерінде жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Қалған 8 шағынауданда жұмыс 15 сәуірде басталады.

Қосылған аудандарда жаңа жол салу мүмкіндігі коммуналдық қызметтер инженерлік желілерді (су құбыры мен кәріз) тартып болғаннан кейін туып отыр.

Құрылыс барысында жарық, арық желісі, жауын суы ағатын құбырлар тартылады. Көше ені мүмкіндік беретін жерлерде тротуарлар салынады.

Соңғы 4 жылда 57,1 км жаңа жолдар салынды, биыл 2 есе артық (121,5 км) жаңа асфальт төсеу жоспарланған.

14 шағынауданда жаңа жолдар салынатын 456 көше анықталды:

  • Әйгерім-1 ш/а - 6 км жол, 52 көше, 10 300 адам тұрғын;
  • Әйгерім-2 ш/а – 6 км жол, 22 көше, 12 600 тұрғын;
  • Ақбұлақ ш/а - 11,3 км жол, 37 көше, 18 100 тұрғын;
  • Алғабас ш/а-АЗТМ – 8,6 км жол, 30 көше, 16 100 тұрғын;
  • Дархан-Байбесік ш/а – 7 км жол, 44 көше, 6 700 тұрғын;
  • Жас қанат ш/а – 6,94 км жол, 27 көше, 2 500 тұрғын;
  • Қарасу ш/а – 15,3 км жол, 49 көше, 16 300 тұрғын;
  • Көк-Қайнар ш/а – 5,83 км жол, 34 көше, 5 100 тұрғын;
  • Саялы ш/а – 1,6 км жол, 4 көше, 13 550 тұрғын;
  • Трудовик ш/а – 18,2 км жол, 44 көше, 5 000 тұрғын;
  • Ұлжан-1 ш/а – 12,6 км жол, 37 көше, 8 000 тұрғын;
  • Ұлжан-2 ш/а – 6,22 км жол, 21 көше, 3 200 тұрғын;
  • Шаңырақ-1 ш/а – 8,5 км жол, 18 көше, 18 600 тұрғын;
  • Шаңырақ-2 ш/а – 10,9 км жол, 54 көше, 18 440 тұрғын.
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.