• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының 23 ықшамауданы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап Алматы қаласының шетінде орналасқан ықшамаудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Жетісу, Түрксіб, Медеу, Алатау және Наурызбай аудандарының ықшамаудандарындағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады. 10 ықшамаудан сумен толық қамтылатын болады, олар:
1) Кемел ықш., Жетісу ауданы;
2) Әлмерек ықш., Түрксіб ауданы;
3) Көлсай ықш., Медеу ауданы;
4) Жайлау ықш., Наурызбай ауданы;
5) Таужолы ықш., Наурызбай ауданы;
6) Тастыбұлақ ықш., Наурызбай ауданы;
7) Алғабас ықш., Алатау ауданы;
8) Қарғалы ықш., Наурызбай ауданы;
9) Құрамыс ықш., Наурызбай ауданы;
10) Нұршашқан ықш., Түрксіб ауданы.

Қазіргі кезде Алатау, Наурызбай және Медеу аудандарының 5 ықшамаудандарында сумен жабдықтау көздерінің құрылысы жүруде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 2021 жылдың соңына қарай келесі ықшамаудандар сумен қамтылатын болады; олар:
1) Боралдай ықш., Алатау ауданы;
2) Шұғыла ықш., Наурызбай ауданы;
3) Акжар ықш., Наурызбай ауданы;
4) Тасты үстірт (Каменское плато) ықш., Медеу ауданы;
5) Мұзтау ықш., Медеу ауданы.

Бұларға қоса, тағы 8 ықшамауданды сумен қамтамасыз ету жөніндегі жоба әзірленуде. Сонымен, 2022 жылға қарай мына ықшамаудандар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады, олар:
1) Рахат-Мәдениет ықш., Алатау ауданы;
2) Теректі ықш.,Алатау ауданы;
3) Нұрлытау ықш., Бостандық ауданы;
4) Карағайлы ықш., Наурызбай ауданы;
5) Сұлусай ықш., Медеу ауданы;
6) Кеңсай ықш.,Медеу ауданы;
7) Жас қанат ықш., Түрксіб ауданы;
8) Таусамалы ықш., Наурызбай ауданы.

Өз кезегінде, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінде суды дайындайтын және тазартатын станция салынуда. Сонымен қатар, Үкіметтің қаулысымен Іле-Алатау ұлттық паркінің 16,6 га көлеміндегі жерді Ақсай өзеніндегі су жиналатын нысанға беру туралы шешім қабылданған болатын.

Қала шетіндегі ықшамаудандарды сумен қамту жөніндегі жобаларды іске асыруға 18 миллиардтан астам теңге бөлінді.

«Шетсіз қала» қағидаты «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын іске асыру барысында 23 ықшамаудан сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.