• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Алатау және Түрксіб аудандарындағы бірқатар үй ыстық судан уақытша ажыратылады

«Ақкент», «Жас қанат», «КЭЧ» және «СШҚ» қазандықтарындағы су жылыту жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының Алатау және Түрксіб аудандарында орналасқан бірқатар тұрғын үйге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

  • 10-24 маусым аралығында Жас қанат және Жұлдыз-1 шағынаудандарында;
  • 13-27 маусым аралығында Мөңке би – Б.Момышұлы – Райымбек – Ф.Оңғарсынова көшелері шеңберінде;
  • 13 маусым мен 4 шілде аралығында Б.Хмельницкий – Дөнентаев – Сүйінбай – Поддубный көшелері шеңберінде ыстық су болмайды.

Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жүргізілетін қазандық жабдықтарын жөндеу жұмыстары күз-қыс кезеңінде жылуды өндіру және тұтынушыларға беру үдерісіндегі тәуекелдерді азайту үшін қажет.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.