• eng
  • қаз
  • рус

Алматының аудан әкімдіктері, құтқару қызметттері мен мердігерлік ұйымдары қардың жауғаны мен еруіне байланысты су тасқыны болжамы бойынша кезекшіліктер ұйымдастыруда.

Алматының аудан әкімдіктері, құтқару қызметттері мен мердігерлік ұйымдары қардың жауғаны мен еруіне байланысты су тасқыны болжамы бойынша жергілікті жерлердегі көшелер мен аулаларда кезекшіліктер ұйымдастыруда. Жедел режимде судың басып қалуының  алдын алу жөнінде кешенді шаралар жүргізілуде.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша мегаполист еріген сулар ағатын арықтар жүйелері дереу тазартылып, түрлі шаралар атқарылуда. Аудан әкімдіктері осы мәселеге қатысты белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде оңтүстік астанада 450 километр арық тазарды,15 мың. м3 қар  мен қоқыс сыртқа шығарылды. Тазарту жұмыстарына 840 жұмысшы,140 арнайы техника бірлігі тартылған. Бұдан өзге 350 жол жұмысшылары, 30 самосвал және 7 тиегіш қосымша жұмыс істеуде.

Су тасқынының алдын алу үшін тағы 673 адам, ТЖД мен Құтқару қызметі тарапынан 80 адам іске кіріскен, қосымша 114  арнайы техника бірлігі тартылып, 15 мың қап пен 10 мың м3 құм дайындалған.

Алматы әкімдігі соңғы жылдары судың тасқынының алдын алу үшін бірқатар кешенді шараларды  атқарды, соның ішінде Алатау, Әуеэзов, Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 30 км арық желілері қайта жасалды, Есентай, Қимасар,Жарбұлақ өзендерінің жағалаулары нығайтылып, бекітілді. Бұлардан өзге, 6 өзен көпірі күрделі жөнделді.

Алатау және Наурызбай аудандарының проблемалы учаскелерінде және Алатау ауданының «Теплоэнергетик,«Энергостроитель» елді мекендерінде жауын мен еріген суларды ағызып әкететін ұзындығы 12,3 км болатын арық және дренажды жүйелер салынды, «Қарғалы» өзенінің 4,8 км жағалауы бетондалды. Наурызбай ауданындағы «Қарғалы» өзені жағалауының 7,7 км жерінде апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Биылғы жылы «Мыңжылқы» плотинасын қайта жасауды аяқтау жоспарланған. «Ақсай»,«Аюсай» шатқалдарының бойына селден қорғайтын екі плотина салу үшін жер бөлу процедуралары аяқталып қалды. 

Қаланың 58 көшесінде  42 км арық желісін қайта жасаудың ЖСҚ жасалуда, жұмысты 2018 жылдың соңында толық бітіру белгіленген.2020 жылға дейін 44,3 км жолды реконструкциялаудың ЖСҚ қолға  алынады.

Алматы қаласында 2018 жылдың су тасқыны кезінде қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін  жеке құрамында 5, 5 мың адам жасақталған, сонымен қатар түрлі бағыттағы 1716 техника, 12 жүзу бірлігі, 80 мотопомп бірлігі мен 101 автономды электростанция бірлігі дайындалған.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.