• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының бірнеше ауданында суық су өшеді

17 қыркүйек сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ақбұлақ ықшамауданындағы Қасым Шәріпов, Сызбықов, Переходько көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады.

18 қыркүйекте сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Төле би – Әйтеке би – Байзақов – Мұратбаев көшелері қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады.

Суық сумен қамту қызметіне енгізілетін шектеулер жаңа су құбырын магистральды желілерге қосу үшін қажет.

Суық су өшірілетін кезде денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен әлеуметтік саланың өзге де нысандарына автоцистерналармен су жеткізу қамтамасыз етіледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Анықтама телефоны: 274-66-66.

Ақпарат көзі: «Алматы су» МКК

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.