• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Индустриалды аймағында құны 24 млрд теңге болатын 11 жоба жүзеге асырылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өңірлік кеңестің отырысы өтті, онда қаланың Индустриялды аймағында жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды.

Өңірлік кеңес Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылдың қазанында құрылған болатын. Нарық қатысушылары, салалық одақтардың басшылары кеңесте Алматының Индустриалды аймағында іске асыруға үміткер жобалар бойынша ұсынымдар беріп, кәсіптік қорытынды жасайды немесе тұралап қалған бастамаларды алып тастау туралы шешім қабылдайды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Индустриалды аймақта жүзеге асыруға құны 24 млрд теңге болатын 11 жоба жіберілді. Оның ішінде су жылытқыш, электркабель, полиэтилен құбыр, сондай-ақ сұранысқа ие фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмек шығаратын зауыттардың құрылысы бар. Бастамашыларға қойылатын басты талап – өндірістің экологиялылығы мен қауіпсіздігі, өнім құнының қолжетімді және қазақстандық мазмұнның жоғары деңгейде болуы.

Айта кетейік, ет өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі, сондай-ақ энерготиімді қасбеттер жасау зауыты сияқты табысты жобалар Индустриялды аймақта жер пайдалану шарттарын ұзарту үшін қолдау тапты.

Кеңес жұмысын бастағалы бері жалпы инвестиция көлемі 110 млрд теңге болатын 25 жобаның бастамашылары өз ісін іске асыру мүмкіндігіне ие болды. Төрт мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өндірістік алаңдардың құрылысы көктемде басталады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.