• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының қай көшелеріне жаңа веложолдар салынады

Алматы Қалалық мобилділік басқармасы қай көшелерде жаңа веложолдар пайда болатынын айтты.

2020 жылдың қазан айының соңына дейін веложол белгілері жаңарады. Сонымен қатар велоқауымдастықпен келісілген жаңа веложолдар

1.Манас көшесінің Шевченко мен Тимирязев көшелері аралығында;

2.Мұратбаев көшесінің Мақатаев пен Шевченко көшелері аралығында;

3.Масанчи көшесінің Бөгенбай батыр көшесі мен Абай даңғылы аралығында;

4.Қарасай батыр көшесінің Масанчи көшесі мен Байтұрсынов көшесі аралығында жасақталады.

Қалалық мобильділік басқармасы Алматы аумағында көлік қозғалысын шектеп, велоинфрақұрылымды дамыту стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

«Мұратбаев көшесінде оңтүстікке қарай бір бағытты қозғалыс енгізілді. Жолдың шығысында тұрақ орындары сақталып, веложол салынды. Автокөліктер үшін екі қозғалыс жолағы сақталды», - деді басқармадан.

Веложолдар Шевченко, Мақатаев, Қонаев, Байтұрсынов, Жароков, Бұқтырма және Уәлиханов көшелерінде салынды.

Бүгінде Алматыда 82 шақырым велоинфрақұрылым түзілген. Орбита шағынауданы мен Көк базарды байланыстыратын велодәліз жасалды. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін веложолдарды көлік жүретін жолдан бөліп тұратын 2 мыңға жуық боллард орнатылды.

Ақпарат көзі: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.