• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестен өтеді

Немістің «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тестен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді. 

Бұл автобустың басты ерекшелігі,«Daimler AG»  коцерні ұтымты  газ двигательдерін жасайтын  әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын пайдаланады. Ұзындығы 12 метрлік төмен еденді автобус  кондиционермен, пандуспен, инфрақызыл сәулелерді өткізбейтін әйнекпен жабдықталған, оның сыйымдылығы 100 жолаушыдан астам, дыбысы а төмен әрі жүрісі өте биік деңгейде. 

«Тәуелсіздік жылдары қалада  20 автопарк жұмыс істегенімен, саланы дамытуға қаржы бөлінбеді, оның басым бөлігі көлеңкелі секторда болды, бірақ қазіргі кезде   кемшіліктер жойылып, жауапкершіліктерін жете түсінетін компаниялардың  қанат жаюына  мүмкіндіктер жасалуда, жариялылық  артуда. «Mercedes-Benz» маркалы көліктер барынша сапалы әрі  бағасы да жоғары, қалалықтар тиісті сервис болса қоғамдық көлікті пайдалануға ниетті. Сондықтан экономикалық тұрғыдан алғанда компанияның болашағы бар», - деп атап өтті  Бауыржан Байбек.

Қазақстандағы «Daimler AG»  концерні ресми дистрибьютерінің өкілі Андрей Кунах Алматыдағы жолаушылар тасымалына неміс өндірушілерінің қызығушылық танытқанын жеткізді.  
«Компания қалада оң өзгерістер жасауда, нарық барынша ашық бола бастады әрі  қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуде. «Mercedes»  автобус  тестен өткізу болашақты ынтымақтастықтың бас деп ойлаймын», - деп атап өтті Андрей Кунах. 

Газбен жүретін автобус үш ай бойына «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсететін №12 бағытта және «Green Bus Company» ЖШС-тің бір бағытында жүретін болады. 

«Осы маркідегі автобустар көптеген  елдерде  жақсы жағынан көінді, өзгелерге қарағанда осы көлікті  шығаушыларға ұзақ кепілдік берілуде әрі  бұлардың сервистік қызметі де жақсы. Қазіргі кезде біз Алматы жағдайында автобустарды тестілеуден өткізіп, оның қорытындысы бойынша нақтылы шешім шығарамыз.  Жылжымалы составты жаңартқан тасымалдаушыларға әкімдік тарапынан субсидия төленетінін, ал газбен жүретін көлік субсидиясы сомасының жоғары болатынын ескерсек, онда «Мерседес» маркалы автобустармен өз автопаркімізді жаңартуды негізгі варианттардың бірі деп білеміз», - деп атап өтті «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Кулишев.

Еске салсақ, Алматыда  №12, 22, 50, 56, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131, 137 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта  жаңарып, №1 бағыт пен  №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.