• eng
  • қаз
  • рус

Алматының МӘМС-ды енгізуге дайындығы туралы

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматыдағы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев 2020 жылы Алматы қаласы тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландырудың бір жарым есеге немесе 45,5 млрд теңгеге артатынын хабарлады.

«Егер 2019 жылы медициналық қызметтің бюджеті 116,8 млрд теңге болса, 2020 жылға жоспарланғаны 160,4 млрд теңге. Қаржыландырудың өсуі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты», - деп атап өтті Т. Әбілдаев.

Тілеухан Әбілдаев қазірдің өзінде сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстарының ойдағыдай орындалып, нормативтік-құқықтық база жасақталғанын, медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесі бекітілгенін, МӘМС-ды енгізудің ақпараттық жүйесі дайын екенін айтты.

Бүгінде келісімшарттар мен қосымша келісімдерді қалыптастырудың автоматты функциясы жасалды. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жекелеген құжаттарға ЭЦҚ-мен қол қойылуда. Басты мақсат – медқызметті сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, жемқорлықтың алдын алу.

Дегенмен, қалада күні бүгінге дейін мәртебесі анықталмаған 55 мыңнан астам азамат бар.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың мәртебесін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде қала бойынша жай-күйі белгісіз азаматтардың үлесін мына санаттағылар құрайды, «жалданбалы жұмысшылар» - 12 мың адам, «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» - 15,6 мың адам, «тіркелмеген жұмыссыздар» - 8,8 мың адам. Бүгінгі күні 5,9 мың адам бірыңғай жиынтық төлем төледі. Айта кетерлігі, БЖТ халықтың осы тобына МӘМС жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді», - деді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Еске салсақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан толық енгізілетін болады. 2020 жылдың 31 наурызына дейін әрбір азамат мәртебесіне қарамастан МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.