• eng
  • қаз
  • рус

Алматының Наурызбай және Медеу аудандарында бірқатар ғимарат ыстық судан уақытша ажыратылады

«Премьера», «Облыстық аурухана» және «Еламан» қазандықтарындағы су жылыту жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты:

  • 9-15 шілде аралығында Атбасар – Талғар жолы – Бригадная – Демченко, Буровая – Рысқұлов – Кұлжа жолы, сондай-ақ «Атырау-1» шағынауданында;
  • 9-30 шілде аралығында Сұраншы батыр – Белжайлау – Строительная – Жақыбаев көшелері шеңберінде ыстық су болмайды.

Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жүргізілетін қазандық жабдықтарын жөндеу жұмыстары күз-қыс кезеңінде жылуды өндіру және тұтынушыларға беру үдерісіндегі тәуекелдерді азайту үшін қажет.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.