• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Түрксіб ауданында ыстық су өшеді

Алматының Түрксіб ауданында «Волочаевская, 381», «Таштитов, 7», «№80 мектеп», «Сейфуллин, 152а» және «СВК» қазандықтарында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты:


• 8-12 маусым: Лисаковская к-сі– Айша бибі к-сі, Волочаевская к-сі – Береке к-сі; Кожедуб к-сі – Янка Купала к-сі, Сүйінбай даңғ. – Қазақбаев к-сі; Терешкова к-сі – Эйхе к-сі; Жайсан к-сі – Космическая к-сі; Кассин к-сі – Ақан сері к-сі; Хетагуров к-сі – Котельников к-сі;


• 8 маусым - 7 шілде: Майлин к-сі – Сүйінбай даңғ. – Дөнентаев к-сі– Монтажная к-сі– Физули к-сі шеңберінде, сондай-ақ «Алтай-1», «Алтай-2», «Жұлдыз-2» ықш. бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттарға ыстық су уақытша берілмейді.

Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жүргізілетін қазандық жабдықтарын жөндеу жұмыстары күз-қыс кезеңінде жылуды өндіру және тұтынушыларға беру үдерісіндегі тәуекелдерді азайту үшін қажет.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.