• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Әуезов ауданында су басу қаупі бар көшелерге 24 шақырымдық арық салынбақ

Биыл Алматының Әуезов ауданында 4 шақырым арық жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ, су басу қаупі басым 34 мекенжай анықталып, жаңа суағар салу үшін қала әкімдігіне тапсырыс берілді.

Бүгін жауын-шашын кезінде суға толатын жерлерді Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев аралады. Айтуынша, су жиі басатын көшелердің көбінде арық жоқ, барларының өзі жарамсыз боп қалған.

«Қазір Әуезов ауданында 100 шақырымнан астам арық жүйесі бар. Су басу қаупі бар көшелерді анықтап, қайсысына арық салу керектігін өзімізге белгілеп алдық. Қазіргі таңда Әуезов ауданы әкімінің аппараты тарапынан Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасына 24 шақырымға арық салу үшін тапсырыс берілген. Қаражат бөлінсе кезең-кезеңмен жұмыстар атқарылады», - дейді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Рахымбеков.

Сондай-ақ, бүгін Әуезов ауданында 200 үйеңкі мен шетен көшеттері отырғызылды. Ағаштар Ясауи көшесінен басталып, Төле би көшесінің соңына дейін бөлу жолағында қаз-қатар егілді. Мамандар жасыл желектің бұл түрлері табиғатынан суыққа төзімді келеді дейді. Ал жас көшеттерге күтімді ауданның мердігер мекемесі жүргізетін болды. Айта кетейік, жалпы биыл көктемде Алматының 8 ауданында бас-аяғы 12 мың көшет отырғызылмақ.

«Әуезов ауданы әкімдігімен осы жылы 5 мың ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Қазіргі уақытта 850 көшет отырғызылды. Олар Сайын, Төле би көшелерінің бойында және Сайын көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысында өсіп тұр. Көшеттердің биіктігі 3 метрден жоғары. Келешекте көшеттерді Сайран көлінің жағалауында, 12-ықшамауданда және Абай даңғылы бойында отырғызу жоспарланған», - дейді Алматы қаласы Әуезов аудандық Көріктендіру бөлімінің басшысы Айдос Мақсұт.

Ақпарат көзі: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.