• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының ықшамаудандарында 43 шақырым жаңа жол салынады

Түрксіб, Наурызбай, Алатау аудандарындағы жеті ықшамаудан жолдарына асфальт төселеді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің көше-жол желісін дамыту мен алдағы уақытта атқарылатын жол-құрылыс жұмыстарының жоспары бойынша кеңес өткізді. Үстіміздегі жылы қалаға қосылған Жаңа Алматы ықшамаудандарында жол салу жалғасады.

Жалпы, 76 шақырым жолдың құрылысы басталады, оның 43 шақырымын аяқтау жоспарланған. Қалған 33-і Әлмерек және Қайрат ықшамаудандарында сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерінің құрылысы аяқталған соң салынады.

Жол құрылысы Алатау ауданындағы Өжет, Самғау, Шаңырақ-5; Наурызбай ауданындағы Құрамыс; Түрксіб ауданындағы Әлмерек, Нұршашқан, Қайрат ықшамаудандарында басталады. Аталған ықшамаудандарда 54 мыңға жуық адам тұрады.

Мысалы, Самғау ықшамауданында жалпы ұзындығы 23 шақырым жол бар, оның 18,4 шақырымы асфальтталған. 25 көшедегі қалған 4,6 шақырымында жол жабыны жоқ, мұнда жаңа жолдар салынады.

Шаңырақ-5 ықшамауданындағы 29 көшеге 6,6 шақырым жаңа жол салынады. Өжет ықшамауданында - 87 көшеге 11,2 шақырым; Құрамыс ықшамауданында - 27 көшеге 4,9 шақырым; Әлмерек ықшымауданында - 46 көшеге 14,6 шақырым жол салынады. Нұршашқан ықшамауданындағы 25 көшеге 4,9 шақырым, Қайрат ықшамауданындағы 20 көшеге 4,9 шақырым жаңа жол салынады.

Бұдан өзге, 2020 жылы сумен қамту және су бұру инженерлік желілері тартылған Думан ықшамауданының жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады. Үстіміздегі жылы 59 көшеде 26,8 шақырым жол күрделі жөнделеді. Өткен жылы 6 көшеде ұзындығы 3,7 шақырым болатын жолда күрделі жөндеу жүргізілген болатын.

Сондай-ақ биыл ұзындығы 183 шақырым болатын 190 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда, оның төрттен бір бөлігі Алатау ауданына тиесілі.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды, белгіленген мерзімдерді сақтауды тапсырды. Өткен жылдағыдай, биыл да Жаңа Алматы ықшамаудандарында жаңа жолдар салуға басымдық беріледі.

Бүгінгі күні мегаполистегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 80%-ті құрайды. Жыл аяғында бұл көрсеткіш 83%-ке жетеді. Бұрын хабарланғандай, 2020 жылы Жаңа Алматы ықшамаудандарында 42,7 шақырым жол салынды. Бұдан өзге, қалада 219,1 шақырым жол жөнделді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.