• eng
  • қаз
  • рус

Алматының Жетісу ауданының әкімі ауысты

Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімі бойынша Мақсат Қиқымов Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды.

М. Қиқымов 1986 жылы туған. Экономика мен статистика Академиясы мен «Туран» университетін тәмамдады. Еңбек жолын 2005 жылы бастады. Әр жылдары банк саласы мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасады.

2012 - 2015 жылдары – Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, басшының орынбасары ;

2015- 2017 жылдары – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;

2017 - 2018 жылдары – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы;

2018 – 2019 жылдары – Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы;

2019 жылдың ақпанынан Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Жетісу ауданы әкімдігінің қызметі аясындағы сұрақтар бойынша өтініштер аудан әкімінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қабылданады.

Мақсат Қиқымовтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.