• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының жолдарында тағы 360-тан астам «Сергек» камерасын орнату жоспарлануда

Бұл туралы «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтың тікелей эфирінде белгілі болды.

«Бүгінде Алматыдағы жедел жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу үшін біз «Жол қауіпсіздігі» және «Сергек» сияқты бірқатар ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін пайдаланамыз, олардың санын тағы 362-ге көбейту жоспарлануда. Олар қаланың төтенше жағдай аймақтарында және жол қозғалысы ережелері жиі бұзылатын жерлерде орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді», - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, полицияда үстіміздегі жылдың алты айында сыртқы бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 3 392 қылмыстың ашылғандығы туралы хабарлады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.