• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Арықтарға су жіберілді

Бақытжан Сағынтаев 8 шілдеде қалалықтармен кездесу кезінде арықтар мен жауын кәріздеріне инвентаризация жүргізуді, желіні ретке келтіруді тапсырған еді.

Бүгін Әуезов, Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарының арықтарынан су аға бастады. 30 шілдеге дейін басқа аудандардың арықтарына су жіберу жұмыстары толық аяқталады.

Б. Сағынтаев өзінің Instagramдағы аккаунтында хабарлағандай, «арықтарда судың не себепті болмағаны түсініксіз, шлюздер жабық».

Алматы қ. Жасыл экономика басқармасының мәліметі бойынша қаланың арық жүйесі көпфункционалды, жауыннан қалған тоспа суларды ағызумен қатар суару жүйесін де атқарады.

Аптап ыстық кезінде жайлы микроахуал қалыптастыру үшін кіші өзендерден қаланың арық желілеріне су жіберіледі.

Мысалы, Кіші Алматы өзенінен бас арық арқылы су Пушкин, Қонаев, Төлебаев, Назарбаев, Байсейітова, Абылай хан, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Сейфуллин, Амангелді, Масаншы, Байтұрсынов, Шагабутдинов көшелеріндегі меридианды арық желісімен көлденең орналасқан көшелер бойымен аға бастайды. Қаланың батыс бөлігіне су Үлкен Алматы өзенінің М-1 и М-2 каналдары арқылы әл-Фараби даңғылын, Сайын, Жандосов, Жароков, Гагарин, Науаи, Розыбакиев, Әуезов, Тимирязев көшелері мен Алтынсарин даңғылын қамтып, әрі қарай арық желілері бойынша ағады. Орталық мәдениет және демалыс саябағы Жарбұлақ өзені арқылы суарылады.

«Су жібергеніміз, жақсы жаңалық. Қала қызметтері, әрине өздерінің жұмыстарын атқарып, арық жүйесін ретке келтіретін болады. Бірақ біз бәріміз қоқыстарды лақтырып, арқытарды ластауға тиіс емеспіз. Бұл менің қалалықтарға жасаған өтінішім»-, деп алматылықтарға ұсыныс жасады қала әкімі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.