• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Аскорбин қышқылы коронавирустың алдын-алу шарасы ретінде - алматылық дәрігер сұраққа жауап берді

Коронавирус инфекциясының жұқтыру жағдайларының өсуі, сондай-ақ қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілері тарапынан КВИ алдын алу шараларының бұзылуы жағдайында №12 қалалық емхананың жалпы практика дәрігерлері бөлімінің меңгерушісі Индира Қалқабаева Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында өзін-өзі емдеу мәселелеріне назар аударды, сондай-ақ дәрумендерді профилактика ретінде қабылдаудың пайдасы туралы сұраққа жауап берді.

"Коронавирус инфекцисы басталғаннан кейін, көбі аскорбин қышқылын қолдана бастады. Бұл препараттың дәлелді медицинасы жоқ, соған қарамастан оның қан тамырларының қабырғаларын (стенка) жақсартатын қасиеттері бар. Бірақ коронавируспен ауырған кезде антикоагулянтты препараттар, аспирин тағайындалады, ал олар сол аскорбин қышқылының сіңірілуін төмендетеді. Сондықтан бұл жерде дәрумендерді, атап айтқанда аскорбин қышқылын қолданудың мәні жоқ, өйткені олардың қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері бар", - деп түсіндірген ол әрқашан дәрігермен кеңесу керек екенін атап өтті.

Сұхбат барысында дәрігер антибиотиктермен коронавирус инфекциясынан өзін-өзі емдеудің зияны туралы айтып, препараттарды бақылаусыз қолдану қаупін түсіндірді.

"Аурудың өршуі кезеңінде көптеген азаматтар антибиотиктерді көптеп сатып алынып, өзін-өзі емдеумен айналысқан, мұндай емнің оң нәтижесі болған жоқ. Сонымен қатар, антибиотиктер вирустық ауруларға көмектеспейді, олар тек бактериялық инфекция кезінде қолданылады, және емдеу хаттамаға сәйкес және медицина мамандарының бақылауымен жүзеге асырылады. Егер сізде аурудың белгілері немесе күдіктенген болсаңыз, сіз дәрігерге, кәсіби медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлердің ұсыныстарын орындауыңыз керек", - деді ол.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.