• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев: Алматыда бейнемониторинг жүйесінің қосымша 1000 камерасы орнатылады

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы хабарлады. Осы жылдың соңына дейін 600 бейнекамера, ал 2020 жылы тағы 400-і орнатылады.

Зияткерлік жүйе бейнесараптама жасаумен қатар адамдар көп жиналатын орындарға мониторинг жүргізеді және қаланың барлық басты объектілерін қамтиды. Бұл - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды тетіктердің бірі.

Бұдан өзге, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық аудандарында 11 фронт-офис ашылады. Мұнда келушілерге ХҚКО принципі бойынша жайлы жағдайда қызметтер көрсетіледі. Биыл сел қаупін төмендету үшін Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде мониторинг жүргізетін 10 автоматтаныдырлған станцияның құрылысы басталды.

Сағынтаев сел қаупі бар объектілерге мониторинг жүргізетін жоспарланған барлық станциялардың құрылысын жедел әрі қарқынды жүргізуді тапсырды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.