• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы барысымен танысты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында селден қорғайтын бөгеттер салынып жатқан жерлерде болып, өзен арналарын абаттандыру және инженерлік коммуникациялар салу барысымен танысты.

Мегаполис әкімі өзінің Instagram-дағы аккаунтында Есентай, Тіксай, Жарбұлақ өзендерінің жағалауын жөндеу және абаттандыру барысы туралы айтты.

«Гидротехникалық құрылысты қоса алғанда, өзен арналары ретке келтірілмек. Жағалаулар габионмен нығайтылып, қараусыз қалған учаскелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолы бар жаңа қоғамдық кеңістік құрылады. Жүруге ыңғайлы жол жабыны төселіп, қойылатын орындықтардың табиғи материалдан болуына мән бердім», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар әкім Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері бассейніндегі бөгеттердің құрылыс алаңдарын қарап шықты. Ондағы мақсат — қаланы селден қорғау. Бұл өзендердің бассейнінде, тауларда қауіпті үш мореналық көл бар.

«Құрылыс жұмыстары кезінде қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін. Жасыл экономика басқармасына жұртшылықпен бірлесіп, мәжбүрлі түрде кесілген жасыл желектің орнына өтемдік негізде ағаш егу жұмыстарын бақылауды тапсырдым», — деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Әкім Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы ықшамауданындағы Тәжиев көшесі бойымен Қарғалы өзенінен өтетін көпірді жөндеу жұмысын, Ақжар мен Тастыбұлақ ықшамаудандарындағы инженерлік желілердің құрылысын көріп қайтты.

Қала әкімі Б. Сағынтаев тұрғындармен кездесіп, мәселені жеке бақылауына алатынын айтты. Жоба толық аяқталысымен жолдар қалпына келтіріледі. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін жүргізу жұмыстарының сапасына ерекше мән беріледі. Тұрғындар үнемі хабардар болып отырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.