• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев қалалықтарды санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауға шақырды

Қала әкімі «Алматы» ТА-ның Akimat Live бағдарламасындағы тікелей эфир барысында қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.

Қалада 12 қазандағы жағдай бойынша 14 454 оқиға тіркелген, олардың ішінде симптомдары нақтыланғаны 8685 және 5769 симптомсыз оқиғалар. Науқастар көрсеткіші 723,93-ке тең.

Алматы әкімінің айтуы бойынша қалада жағдай тұрақты. 6 қазанда аурудың біршама көтерілгені байқалды.

«Сондықтан қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қарапайым ережелеріне немқұрайлы қарамауға -маска тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға, санитарлық-гүигиеналық ережелерді қатаң ұстануға шақырамын», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Қосымша шаралардың қатарында — Алматы қаласының халықаралық әуежайындағы мемлекеттік шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Қаланың мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес халықаралық рейстерден келетін жолаушыларда ҚВИ-дің жоқ екендігі туралы ПТР анықтамасы болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сараптама нәтижелері шыққанға дейін карантинге жатқызылады.

Ұшып кететін жолаушылардың КВИ-ге қатысты ПТР диагностикасын алу үшін лицензияланған іріктеу пункті ашық. Қалаға ПТР тестілеуінсіз келетін жолаушылар үшін уақытша тұратын қонақ үйлер дайын.

Сонымен қатар, 26 мониторингтік топтар жұмыстарын қайта жандандырды, олардың құрамына аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары енді. 8- 10 қазан аралығында 383 рейдтік шаралар өткізілді, оның барысында 51 нысанның тәртіп бұзғандығы анықталды.

Маска режимін бұзғаны үшін 13 жеке тұлға ҚР Әкімшілік құқықтық Кодексінің 1 тармағының 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 541 710 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұдан өзге, қызметіне бұрын тыйым салынған объектілер анықталды. Олар белгіленген жұмыс режимін сақтамаған.

«Кәсіпкерлерді қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің талаптарын бұзбауға шақырамын. Сонда ғана біз ағымдағы карантиндік режимде жұмыс жасай алатын боламыз. Сіздер тұрақты табыс табасздар және қалалықтарды жұмыспен қамтамасыз етесіздер. Барлығы сіздерге байланысты», — деді қала әкімі Б. Сағынтаев бизнес- қоғамдастық өкілдеріне.

Бүгінгі күні қолданыстағы карантиндік шектеулер сақталады. Егер санитарлық — эпидемиологиялық ахуал нашарлайтын болса, онда қосымша шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.