• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев карантин жағдайындағы құрылыс алаңы мен зауыттардың жұмысқа дайындығын тексерді

18 сәуірде Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев 20 сәуірден бастап жұмысын бастағалы отырған бірқатар өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарын аралады.

Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев салынып жатқан «Terra» СК, Наурызбай ауданындағы заңды тұлғаларға арналған ХҚКО, «Hyundai Trans Kazakhstan», АЗТМ және «Алматыэнергосервис» зауыттарын аралап көрді.

Жұмысты қайта бастаудың ең басты шарты — қызметкерлердің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құрылыс алаңдары мен кәсіпорындарда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Кіреберістерде зарарсыздандыру станциялары жабдықталады, сондай-ақ, жұмысшылардың дене қызуы тексерілетін болады. Қолжетімді жерлерде санитайзерлер орналастырылып, жұмыс орындарында және асханаларда қауіпсіз қашықтық қамтамасыз етіледі.

«Қызметкерлердің қауіпсіздігі үнемі қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл орындалуы тиіс жұмыстарды тексеретін құрамында санэпидемиологтар мен "Атамекен" ҰКП өкілдері бар комиссияның басты талабы. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады. Ал компания қызметін ТЖ режимі аяқталғанға дейін тоқтатамыз», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Сапар барысында қала әкімі тез құрастырылатын модульдік блоктардан тұратын госпиталь құрылысының барысымен танысты. 280 орынға арналған госпиталь байланыста болғандар мен СОVID-19 инфекциясына күдігі бар адамдарға арналған. Нысан 90%-ға дайын. Қазіргі уақытта персонал іріктеліп, жабдықтар жинақталуда. Бақытжан Сағынтаев дәрігерлер жұмысы мен науқастарды емдеу үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.