• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев қоғамдық көлік бағыттарын субсидиялау туралы: «Біздің мақсат – жол жүру тарифтерінің өсуіне жол бермеу»

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есептік кездесуде шаһарда әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлік бағыттарын әкімдік қосымша субсидиялайтынын мәлімдеді.

«Біздің мұндай субсидиялаудағы басты мақсатымыз – жол жүру тарифтерінің өсуіне жол бермеу. Сондықтан 2021-2022 жылдары біз ұсынған есеппен орташа тариф 200 теңге болса 154 әлеуметтік бағытқа субсидия көлемі 40 млрд теңгеден асады», - деді қала әкімі Б. Сағынтаев.

2019 жылы субсидия 23,1 млрд теңгені құрады. 2020 жылға 24,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде жеңілдетілген санаттағы жолаушылар үшін тікелей өтемақы 4 млрд теңгені құрады (2019 жылы – 5,3 млрд теңге).

Алматыда қоғамдық көлікті жаңарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 2019 жылы 450 жаңа автобус сатып алынды. Оның 190-ы жеке автопарктерге тиесілі. Барлығы қалалық автобус паркі 92%-ке жаңартылды.

2020 жылы 401 автобус сатып алу жоспарланған. Айта кету керек, биылдан бастап қала газбен жүретін автобустар мен электравтобустар сатып алуға артықшылық береді. 2019 жылы алғашқы 10 электравтобус іске қосылды, биыл тағы 17-сі бағыттарға шығады.

Халық санының өсуіне және қала аумағының кеңеюіне байланысты бағыттарды оңтайландыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қаланың бағыттық желісі 5 мың шақырымнан асады. Өткен жылы тұрғындардың өтініші бойынша 14 жаңа бағыт ашылды, оның 8-і қала маңында. Бұл бағыттар қаланың орталық бөлігін шет аймақтармен және облыспен байланыстырады. Мысалы, Боралдай ауылын Алматы-1 теміржол вокзалымен байланыстыратын №10 бағыт іске қосылды. 2020 жылы күн сайын 291 автобус шығатын 24 қалалық және қала маңындағы бағыттарды ашу жоспарланған. Сондай-ақ Алматы-Қапшағай бағытында электр пойызы қозғалысын ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.

Бұл шаралар жолаушылардың орташа ағынын күніне 850 мыңнан 1,2 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің есептік кездесуінде рекордты 3,2 мың адам жиналды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.