• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев: Қосымша білім беру орталықтарын бүкіл қала бойынша ашатын боламыз

Қала әкімі Б. Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, балаларды қосымша біліммен толық қамту шаралары туралы айтты.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес, Алматыда қаланың барлық балаларын қосымша білім берумен қамтамасыз ету міндеті шешілуде. Бүгінгі күні қалада 17 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде Оқушылар сарайы, 7 аудандық оқушылар үйі, өнер мектебі, 8 музыкалық мектеп бар, онда 1329 түрлі үйірме мен секциялар тегін жұмыс істейді.

Сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша келер жылы Алатау және Наурызбай аудандарында Оқушылар сарайларының құрылысын бастау жоспарланған. Алатау ауданында 5 спорттық-сауықтыру кешені, теннис орталығы салынады. Жетісу ауданында шығыс жекпе-жегінің 4 спорт кешені салынды, онда балалар тегін жаттығу жасайды. Сонымен қатар МЖӘ аясында жеке инвестициялар есебінен 12 мектептің спорт алаңдары қайта жаңғыртылды. Мәдениет саласында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 10 салалық кітапханасы жаңарды.

Мектептерде жұмыс қалпына келтірілгеннен кейін 9560 түрлі үйірме мен спорттық секциялар жұмыс істейді, олар 200 мыңнан астам баланы қамтиды.

«Балаларды қолжетімді қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін мемлекеттік тапсырысты тек мектептен тыс мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, жеке секторда да орналастырамыз», - деді Б. Сағынтаев.

Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, қала әкімі Жетісу ауданы Айнабұлақ-2 ықшамауданындағы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының жобасы туралы айтты. Бұл жобаның ауқымы кеңейтіліп, басқа аудандарда осындай тағы үш клуб ашылатын болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.