• eng
  • қаз
  • рус

Б. Сағынтаев: Open Almaty порталы арқылы қала тұрғындарымен тұрақты кері байланыс қамтамасыз етілген

Алматы әкімі «Adaldyq Alany: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс- қимылының жаңа форматы» республикалық форумына қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек қатысқан шарада сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту бойынша іс- қимылды жетілдіру және меморгандар жұмысының ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев құттықтау сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді шарасының бірі мемқызмет көрсетуде адами факторды азайту екенін атап өтті.

«Алматы елімізде цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша көш басында, яғни көрсеткіш 82 процентке жетті. Оның үстіне, Алматы БҰҰ-ның азаматтарға арналған онлайн-қызметтерді дамыту рейтингіне енген Орта Азиядағы жалғыз қала атанып, 25-орынды иеленген. Smart City тұжырымдамасын дамыту аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТКШ, көлік, білім мен денсаулық сақтау салаларында жобалар жүзеге асуда», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның мәліметі бойынша, осы жылдың тоғыз айы ішінде мемқызметтің 95%-і электронды форматта көрсетілген, барлық мемқызметтің 80%-і автоматтандырылды. Open Almaty арқылы қала тұрғындарымен тұрақты кері байланыс қамтамасыз етілген. Екі жыл ішінде 195 мыңнан астам өтініш өңделіп, олардың 71%-і бірден шешілді. Түскен өтініштерге талдау жүргізіледі, соның негізінде жедел шаралар қолданылады. Айта кетерлігі, қала әкімі бір айда екі рет, сонымен қатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары апта сайын азаматтарды жеке қабылдайды. Мегаполис басшысы проблемалы учаскелерге өзі барып, сол жерде жағдаймен танысады және аудан тұрғындарымен ашық форматта кездеседі. Осылайша, «қалық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асуда.

Форумға аудан әкімдері, мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар, кәсіподақтар, этнобірлестіктер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жемқорлыққа қарсы Adaldyq Alany өңірлік жобалық офистердің басшылары қатысты.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.