• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев жасыл желектерді суаруға бақылауды күшейтуді тапсырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде мегаполистегі көгалдандыру мен көшеттерді күтіп ұстаудың өзекті мәселелері қаралды.

Алматыда биылғы көктемде 50 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жақын арада тағы 15 мыңға жуық көшет отырғызылады. Жалпы, биыл күзгі маусымда Jasyl Almaty бағдарламасы аясында қаланың жасыл қорын 290 мың ағашқа көбейту жоспарланған.

Мысалы, қала әкімі Б. Сағынтаевтың жұмыс сапарының бірінде айтылған әрі Алатау ауданының Нұркент және Ақбұлақ шағынаудандары тұрғындарының тілектеріне сай Рысқұлов даңғылы бойындағы бөлу жолағы жасылдандырылады, мұнда 650 қарағаш отырғызылады.

Жетісу ауданының Көкжиек шағынауданында 8 450 ағаш отырғызылды, оның ішінде бәйтерек, күміс терек, сондай-ақ жеміс ағаштары – алма және Никитинский өрігі.

«Жасыл аула» акциясы аясында тұрғындарға аула менүй маңында,ы аумақтарды көгалдандыру үшін 2 мыңға жуық жапырақты ағаш көшеті таратылды. Тұрғындар отырғызу және күту ережелері жазылған брошюралар алды, сонымен қатар отырғызылған көшеттерді күту жөніндегі кепілдік міндеттемелерге қол қойды.

Кеңес барысында Алматы әкімі Б. Сағынтаев жасыл желектерді күтіп ұстауға бақылауды күшейтуді, көшеттер мен бұрыннан бар ағаштарды, сондай-ақ гүлзарлар мен көгалдарды қажетті мөлшерде суаруды тапсырды.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша былтырдан бастап аумақтарды көгалдандыру кезінде гүлдердің көпжылдық түрлеріне баса назар аударылды. Биылғы көктемде гүлзарлар мен гүлбағын жасағанда көпжылдық өсімдіктердің жалпы алаңы 42%-ға жеткізілді, бұл былтырғымен салыстырғанда 30%-ға артық. Келер жылы көпжылдық өсімдіктердің үлесін 55%-ға дейін арттыру жоспарланған. Ол үшін раушан, гортензия, лаванда және басқа гүл түрлері өсірілетін болады.

Б. Сағынтаев қалалық кеңістікті көгалдандыру кезінде ландшафт дизайны жөніндегі мамандардың ұсыныстарын ескеру қажеттігіне назар аударды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.