• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаевтың жекеменшік балабақшаларда ата-аналардың тамаққа төлейтін шығынын субсидиялау бойынша бастамасы: өтінім қабылдау ақпанда басталады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен балабақшалардағы кезекті едәуір төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке балабақшалардағы тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға жұмсалатын шығындарды 100% өтеу жоспарлануда.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап Алматыда жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жеке балабақшаларда балалардың тамақтану шығындарын субсидиялау жоспарланғанын атап өтті. Субсидия сомасы 18 900 теңгені құрайды.

«Бұл жұмыс жеке сектормен талқыланды. Қазіргі уақытта ҮЕҰ және жеке сектормен келісім бойынша критерийлер әзірленді. Қабылдау ақпан айының басында басталады. Қаражат өтінімдердің түсуіне байланысты анықталады. Қанша орын анықталса, сонша орынға қаржы бөлінеді», — деді Л. Жылқыбаева.

Қазіргі уақытта 397 жекеменшік балабақшада мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Бұл бір балаға айына 28 мың теңге. Осы ретте, тамақтану үшін 18 900 теңге қосымша субсидия тек қосымша орындар үшін берілетіні атап өтілді.

Л. Жылқыбаева атап өткендей, жеке ұйымдардың бағдарламаға қатысуы үшін келесі критерийлер талқылануда:

1. мектепке дейінгі ұйым материалдық-техникалық базасының мектепке дейінгі тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге міндетті түрде сәйкестігі, яғни санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы тиіс;

2. тамақтану және қосымша білім алуды қосқанда ата-аналар төлейтін ақы айына 60 мың теңгеден аспауы тиіс;

3. ата-аналар қанағаттанушылығының жоғары деңгейі — бұл жұмыс ата-аналарға онлайн-сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.