• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бақылаушыны қалай тануға болады

Бірінші кезекте бақылаушыда өзі туралы ақпарат көрсетілген бейдж болуына назар аудару керек. Бейдж екіжақты, бір жағында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС логотипі, екінші жағында «Алматы су» МКК логотипі бар. Бұл бірыңғай бақылаушы келгенін білдіреді. 2019 жылдан бастап «Алматы жылу жүйесі» ЖШС мен «Алматы су» МКК арасында жасалған меморандум аясында суық және ыстық су есептеуіш құралдары көрсеткіштерін алуды бір бақылаушы жүзеге асырады.

Бейдждің екі жағында мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • Бақылаушының аты-жөні;
  • Бақылаушының фотосы;
  • Кәсіпорынның мөрі;
  • Кадрлар бөлімі басшысының қолтаңбасы;
  • Кәсіпорынның логотипі.

Бақылаушы аралау кестесіне сәйкес және тоқсанына бір рет көрсеткіштерді алады. Есептеуіш құралындағы көрсеткішті тіркеу үшін бақылаушының ұялы телефоны болады. Көрсеткіштерді алу тегін.

Егер Сізде күмән туындаса анықтама қызметіне +7 727 3 777 444, +7 727 274-66-66, +7 727 341 07 77 нөмірі бойынша қоңырау шалу немесе +7 701 027 11 20 нөмірі бойынша WhatsApp-қа жазу керек.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.