• eng
  • қаз
  • рус

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданында жұмыс сапарымен болды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданын аралап, тексеріп шықты. Әкімнің басты назарында «Жас қанат» ықшамауданында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу, ескі үйлерді сүру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері болды.

«Жас қанат» ықшамауданындағы құрылыс барысын аралап шыққан Б.Сағынтаев тиісті басқармаларға отандық өнімдерді пайдалану бойынша құрылыс компанияларына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Аудандық әкімдікке Б.Хмельницкий көшесі бойындағы аймақты абаттандыру, скверді үңгілеу, «Жас қанат» ықшамауданының аумағын қосымша жасылдандыру, сонымен қатар қалалық Мобилділік басқармасымен бірге Баймағамбетов көшесінен жаңа тұрғын үйлерге дейін жол салу мәселесін шешуді тапсырды.

«Жас қанат» ықшамауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі жеті тұрғын үй, 280 орындық балабақша салынуда. Құрылыс объектілерін биылғы қыркүйекте іске қосу жоспарланған.

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті, ТҮКШ, аулаларды абаттандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтасыз ету бойынша олар айтқан шағымдар мен ұсыныстарды тыңдады. Бүгінгі күні Түрксіб ауданында 16 ескі үй сүріліп, олардың орнына 803 пәтерлі 39 үй салынған. Бағдарламаны жалғастыру бойынша тағы 28 үй анықталды, 147 аула күрделі жөнделеді, 15 көше жаңарып, 8 км тротуар, 2,6 км арық желісі (2 көше) салынып, ұзындығы 7,8 км-ге ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Бұдан соң қала әкімі «Алматы-1» теміржол вокзалының жұмысымен танысты. Оның барысында Б.Сағынтаевқа вокзал қайта жөнделсе, оның өткізу қабілеті тәулігіне 16 мың жолаушыға жететіндігі туралы айтылды. Реконструкция кезінде платформа ұзарады, эскалатор мен лифт орнатылып, жерасты өткелі кеңейтіледі, көпдеңгейлі парикинге өтетін жол салынады.

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданына жасаған жұмыс сапарын мүмкіндігі шектеулі балалардың «Мейірім» реабилитациялық орталығына барумен қорытындылады. Орталық ұжымы мамандардың балаларға көрсететін коррекциялық-дамыту сабақтары, психологиялық-педагогикалық көмектері, емдік денешынықтыру, әлеуметтік-еңбек реабилитациясы, музыкалық, көркем, ойын терапиясы туралы айтты. Орталық церебралды сал ауруына шалдыққан, қозғалу мүмкіндіктері мен даму жағынан шектелген 3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.