• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары — алматылық психологтардың ата-аналарға кеңестері

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында ЮНИСЕФ ұлттық тренері және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының педагог -психологы Жұлдыз Махатаева онлайн режимде оқу процесін ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушылар қашықтан оқу форматына көшті. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту үшін қажет.

Ж. Махатаева пандемия жағдайында үйде болу және қашықтан оқу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ үйде оқытуды тиімді ұйымдастыру үшін ұсыныстар берілді.

«Оқыту үшін арнайы уақыт бөлу, жұмыс орнын ұйымдастыру, әдеттегі мектеп уақытында оқыту жүргізу қажет. Бұл жағдайда баланың жасын, оқу жүктемесін және үй тапсырмаларының санын ескеру қажет. Балаға сабақ үшін қажет барлық нәрсе қол жетімді жерде, қалған гаджеттер басқа бөлмеде болуы керек. Бала сыртқы дыбыстарға алаңдамауы керек. Барлық назар сабаққа бағытталуы тиіс. Баланы үйдің тірлігімен мазаламау керек. Үй жануарлары баланың сабақ оқитын жеріне кіруін шектеу керек. Сағат – баланың көз алдында болуы керек», — деп қосты ол.

Арнайы бөлме болмаған жағдайда, перделерді, экранды бөліп, үстел қою арқылы жұмыс бұрышын ұйымдастыру керек.

«Бейнелеу техникасын қолданып көріңіз. Сіз мектепке бардым деп елестетіп көріңіз. Тек бұл жағдайда "мектеп" сіздің пәтеріңізде, бөлмеде, жұмыс үстелінде болады. Бұл жаттығуды балалармен жасауға болады. Күн тәртібі тек оқуды ұйымдастыруға ғана емес, сонымен қатар демалыс пен көңіл көтеру үшін уақытты босатуға мүмкіндік беруі керек екенін есте ұстаған жөн», — деді психолог.

Сонымен қатар, Ж. Махатаеваның пікірінше, балалардың физикалық белсенділігін арттыру маңызды.

«Стресс – ең алдымен дененің физикалық реакциясы. Сондықтан физикалық күш-жігерді қажет ететін кез-келген әрекет балаға оны тиімді жеңуге көмектеседі: тазалау, жаттығу, ән айту, би. Баланы қызықтырмайтын дүниеге уақыт жұмсамауға тырысыңыз. Оның орнына балаңызбен бірге қандай белсенді әрекеттермен айналысқысы келетінін анықтауға тырысыңыз», — деді маман.

Психолог баланың шығармашылық жұмысын қолдау және ынталандыру маңызды екенін айтады. Ата-ана жасөспірім баласын ештеңемен айналыспайды деп ойлауы мүмкін. Мысалы бала сурет салып, ән айтып, билеп, тоқып, әшекей жасауы мүмкін. Яғни бұл істер балаға «қуат» пен тыныштық беретінін ескеру қажет.

«Балаларыңызды жақын адамдарына (ата-әже, бауыр, үй жануарлары) қамқорлық жасауға ынталандыру қажет. Балалар өздерінің басқаларға қажет, отбасына пайдалы екендігін сезінгенде, мұндай сезімдер – стресті жеңуге көмектесетін қосымша ресурс», — деп бөлісті Ж. Махатаева. 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.