• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бауыржан Байбек: Алматылықтар жақсы жолдармен күзде емес, жазда жүруі керек

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала көшелері мен тротуарларды алдағы жөндеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Биылғы жылы ұзындығы 111 шақырым болатын 120-дан астам көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан өзге қаланың он ықшамауданында ұзындығы 100 шақырымнан асатын жаңа көшелер салынады.

Мегаполис басшысы көктем келісімен орталық даңғылдар мен аудандық маңызы бар көшелердегі ішіне түсіп кеткен люктер мен шұңқырларға қатысты шағымдардың жиілегенін атап өтті.

«Тұрғындар жақсы жолдармен күзде емес, жазда жүруі керек, сондықтан орташа жөндеу кезінде әр учаскені жөнделу мерзімі, жұмыс жасайтын адамдар мен техника саны бойынша бөлу қажет. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысты ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалды, яғни компаниялар заманауи техника сатып алуға инвестиция салып, сапаны қамтамасыз етуі тиіс. Егер мердігер жұмысты белгіленген мерзімде аяқтамаса айыппұл салынады. Аудан әкімдері әр учаскені жеке аралап, ғимараттардың қасбеті, заңсыз салынған құрылыстармен қатар айналысып, өзге қызметтердің жұмысын үйлестіруі керек», - деді Бауыржан Байбек.

Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев атап өткендей, ауа райы қолайлы болса барлық магистральды көшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстары 10 күн ішінде аяқталады.

Ішіне түсіп кеткен люктерді қалпына келтіру үшін мердігер ұйымдар арнайы техника сатып алуда. Бұған елімізде алғаш рет шұңқырларды жөндеуге қатысты МЖӘ жобасы бойынша төрт компаниямен 4,5 жылға келісімшарттардың жасалуы септігін тигізді.

Аталаған шара ұзақ мерзімді перспективада жолдарды жедел жөндеуге және тиісті жағдайда ұстауға мүмкіндік береді. Алдағы төрт жыл ішінде жолдарда ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Есік жолдары» ЖШС (Медеу және Түрксіб аудандары), «ДСУ-13» ЖШС (Бостандық және Алмалы аудандары), «Конфорс» ЖШС (Әуезов және Наурызбай аудандары), «РСУ» ЖШС (Алатау және Жетісу аудандары) жүргізеді.

Орташа жөндеу жұмыстары кезінде ескі бордюрлер, арық астаулары, фрезерленген асфальт қалаға қосылған аудандардың көшелерінде қайта пайдаланылады.

Алматыда қауіпсіз инфрақұрылымды құру, жолдардағы апаттылық пен өлім-жітімді азайту мақсатында қолға алынған «Vision Zero» бағдарламасын ескере отырып, орташа жөндеу жүргізу кезінде қауіпсіздік аралдары жасалып, жаяу жүргіншілер өткелдері салынады. Бұған қоса адамдардың қауіпсіз өтуін ұйымдастыру үшін көше қиылыстарында бұрылыстар радиусын қысқарту мүмкіндігі қаралатын болады.

Бауыржан Байбек жұмыс кеңесі барысында жолдарды жөндеуге жауапты мемлекеттік органдар мен мердігерлік ұйымдар басшыларының байланыс нөмірлері жазылған арнайы стендтер орнатуды, аумақты абаттандыруды, бұрын жөнделіп, кепілді мерзімге қойылған жолдарды тексеруден өткізуді тапсырды.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы жылдары 600 көше мен 1400-ден астам ескі аула жөнделді. 300 шақырым арық, 1000 шақырым инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық өтпелі жолдары жаңарды. Сонымен қатар Назарбаев даңғылы теміржол эстакадасы арқылы Жансүгіров көшесіне дейін және Хмельницкий көшесі Сүйінбай даңғылынан Жас Қанат ықшам ауданына дейін ұзартылды.

2019 жылға арналған қала жолдарын орташа жөндеу жоспары

Көше атауы

Ұзындығы, км

Жетісу ауданы

  1.  

Постышев көшесі, Солтүстік айналма жолынан Вокзальная көшесіне дейін

1,100

  1.  

Павленко көшесі, Райымбек даңғылынан Казаков көшесіне дейін

0,460

  1.  

Гончаров көшесі, Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейін

1,461

  1.  

Крылов көшесі, Рысқұлов даңғылынан Райымбек даңғылына дейін

1,500

  1.  

Казаков көшесі, Райымбек даңғылынан Крылов көшесіне дейін

1,555

  1.  

Ниязбеков көшесі, Рысқұлов даңғылынан Казаков көшесіне дейін

1,012

  1.  

Баянауыл көшесі, Сүйінбай даңғылынан Қыдырбек көшесіне дейін

1,313

  1.  

Жетісу көшесі, Молдағұлова көшесінен Қапшағай тас жолына дейін

1,630

  1.  

Луговский көшесі, Луговский көшесінен №30 үйге дейін

0,456

  1.  

Рысқұлов даңғылы (дублер), №101 үйден №101В үйге дейін

0,150

ҚОРЫТЫНДЫ:

10,637

Алмалы ауданы

  1.  

Абылай хан даңғылы, Абай даңғылынан Алматы-2 теміржол вокзалына дейін

3,807

  1.  

Жамбыл көшесі, Розыбакиев көшесінен Сейфуллин даңғылындағы торапқа дейін

3,630

  1.  

Қарасай батыр көшесі, Мұқанов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін

2,190

  1.  

Гоголь көшесі, Назарбаев даңғылынан Әуезов көшесіне дейін

3,647

  1.  

Мақатаев көшесі, Байтұрсынов көшесінен Байзаков көшесіне дейін

1,161

  1.  

Наурызбай батыр көшесі, Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін

3,100

  1.  

Орам ішіндегі жол, Абылайхан даңғылынан Желтоксан көшесіне дейін

0,123

  1.  

Бөгенбай батыр көшесі, Байтұрсынов көшесінен №172 үйге дейін

0,193

  1.  

Индустриальная көшесі, Райымбек даңғылынан Алексеев көшесіне дейін

0,395

  1.  

Лихачев көшесі, Дүйсенов көшесінен Төле би көшесіне дейін

0,413

  1.  

Қараөткел көшесі, Дүйсенов көшесінен №147 үйге дейін

0,305

  1.  

Грановский тұйық көшесі, Грановский көшесінен №10 үйге дейін

0,075

ҚОРЫТЫНДЫ:

19,039

Бостандық ауданы

  1.  

Торайғыров көшесі, Сайын көшесінен Каблуков көшесіне дейін

1,867

  1.  

Наурызбай батыр көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейін

0,880

  1.  

Дулати даңғылы, МАИ бекетінен экобекетке дейін

5,455

  1.  

Жайлау ықшамауданы, Дулати көшесінен Атамұра көшесіне дейін

0,830

  1.  

Солодовников көшесі, Жароков көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін

0,703

  1.  

Шагабутдинов көшесі, Сәтпаев көшесінен Бұхар жырау көшесіне дейін

0,453

  1.  

Марков көшесі, Лысенко көшесінен Шагабутдинов көшесіне дейін

0,470

  1.  

Шумный тұйық көшесі, Байтұрсынов көшесінен №6в үйге дейін

0,130

  1.  

Беріктас көшесі, Бейбітшілік көшесінен №149 орта мектепке дейін

0,335

  1.  

Керемет көшесі, №10 үйден саябаққа дейін

0,053

  1.  

Қайнар көшесі, №1 үйден өзенге дейін

0,048

  1.  

Жұлдыз көшесі, №68 үйден Алатау көшесіне дейін

0,140

  1.  

Бағанашыл ықшамауданы, №2 айналым (Восточная көшесі №113 үйге дейін), №4 айналым (Восточная көшесі №77 үйге дейін)

0,254

  1.  

Алмалы тұйық көшесі, Восточная көшесінен №11 үйге дейін

0,164

  1.  

Таң көшесі, №16 үйден №33 үйге дейін, Бәйшешек көшесінен №94 үйге дейін

0,730

  1.  

Бәйшешек көшесі, №61 үйден №73 үйге дейін

0,230

  1.  

Алма 3А көшесі, Таңжарық көшесінен №6/1 үйге дейін

0,241

  1.  

Көшек батыр көшесі, Асқаров көшесінен Сайын көшесіне дейін

0,153

  1.  

Әл-Фараби даңғылы (дублер), Таусарұлы көшесінен А.Қонаев көшесіне дейін

0,218

  1.  

Мектеп алдындағы жол, Ремизовка көшесінен №118/8 үйге дейін

0,360

ҚОРЫТЫНДЫ:

13,714

Наурызбай ауданы

  1.  

Мұстафин тұйық көшесі, №70 үйден №68 үйге дейін

0,080

  1.  

Тажиев көшесі, №53 үйден №47 үйге дейін

0,150

  1.  

Қосынов көшесі, Құлыбеков көшесінен №194 үйге дейін

1,908

  1.  

Нұрмағамбетов көшесі, Есенов көшесінен Қосынов көшесіне дейін

0,780

  1.  

Ақтамберді көшесі, Арман көшесінен Құлыбеков көшесіне дейін

1,620

  1.  

Қабылбаев көшесі, Байзақ батыр көшесінен Құлыбеков көшесіне дейін

0,979

  1.  

Смайылов көшесі, Құлыбеков көшесінен №179 үйге дейін

1,870

  1.  

Әйтей Батыр көшесі, Құлыбеков көшесінен №188 үйге дейін

1,860

  1.  

Лапин көшесі, Кұлыбеков көшесінен Абай даңғылының жалғасына дейін

1,910

  1.  

Тайторы Батыр көшесі, №1 үйден №149 үйге дейін

1,420

  1.  

Қыдырбеков көшесі, Сәбденов көшесінен Елібаев көшесіне дейін

0,870

  1.  

Бақтыгереев көшесі, Рымжанов көшесінен №25 үйге дейін

0,280

  1.  

Нұрпейісов көшесі, Нұрпейісов көшесінен №230 үйге дейін

0,550

  1.  

Симашко көшесі, Мұсабаев көшесінен Нұрпейісов көшесіне дейін

0,300

  1.  

Үсенов көшесі, Шаляпин көшесінен №4 үйге дейін

0,120

  1.  

Балақаев көшесі, Сланов көшесінен Каменка 3 көшесіне дейін

0,915

  1.  

Центральная СТ Медик көшесі, Ермек көшесінен СТ Медикке дейін

1,570

  1.  

Центральная СТ Наука көшесі, №3 үйден (Ермек) СТ Наукаға дейін

1,800

  1.  

Береке көшесі, Жандосов көшесінен №6 үйге дейін

0,690

  1.  

Береке көшесі, №2 үйден №58 үйге дейін

1,180

ҚОРЫТЫНДЫ:

20,852

Әуезов ауданы

  1.  

Спорт мектебінің алдындағы жол, Сайын көшесінен №11/7 үйге дейін

0,371

  1.  

Центральная көшесі, Жандосов көшесінен Цветочная көшесіне дейін

0,705

  1.  

Юрий Ким көшесі, Береговой көшесінен Алтынсарин даңғылына дейін

0,775

  1.  

Пятницкий көшесі, Ладыгин көшесінен Пятницкий көшесіне дейін

0,323

  1.  

Өтпе жол, Алтынсарин даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін

0,459

  1.  

Орам ішіндегі жол, Шалов көшесінен №127 мектепке дейін

0,135

  1.  

Пионерская көшесі, Яссауи көшесінен №45 үйге дейін

0,500

  1.  

Науметов көшесі, Яссауи көшесінен Қарғалы көшесіне дейін

0,395

  1.  

Красноармейская көшесі, Яссауи көшесінен Қарғалы көшесіне дейін

1,630

  1.  

Түрген көшесі, Яссауи көшесінен №78 үйге дейін

0,450

  1.  

Свердлов көшесі, Яссауи көшесінен №57 үйге дейін

0,400

  1.  

Алматинская көшесі, Яссауи көшесінен Сәдуақасов көшесіне дейін

0,340

  1.  

Айвазовский көшесі, Яссауи көшесінен Қарғалы көшесіне дейін

0,340

  1.  

Сайын көшесі мен Жандосов көшесі қиылысындағы жолайрық

 

  1.  

Сайын көшесі мен Абай даңғылы қиылысындағы жолайрық

 

  1.  

Сайын көшесі мен Шаляпин көшесі қиылысындағы жолайрық

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

6,823

Медеу ауданы

  1.  

Гоголь көшесі, ОМДС-нан Назарбаев даңғылына дейін

1,583

  1.  

Достық даңғылы, Қазыбек би көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін

3,175

  1.  

Таулы қырат ықшамауданының жолдары

4,045

  1.  

Сахариев көшесі, Радлов көшесінен №73 үйге дейін

0,450

  1.  

Кербұлақ көшесі, Олимпийский көшесінен №6Г үйге дейін

0,150

  1.  

Олимпийский көшесі, Олимпийский көшесінен Тышқанбаев көшесіне дейін

0,755

  1.  

Оңдасынов көшесі, Оңдасынов көшесінен Садовый (Барс) тұйық көшесіне дейін

1,100

  1.  

Астраханская көшесі, Қордай көшесінен Полевой тұйық көшесіне дейін

0,445

  1.  

Кутузов Добролюбовтен Средняға дейін

0,570

  1.  

Түрксіб Оспановтан №52 үйге дейін

1,750

  1.  

Әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев даңғылы қиылысындағы жолайрық

 

  1.  

Әл-Фараби даңғылы мен Достық даңғылы қиылысындағы жолайрық

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

14,023

Түрксіб ауданы

  1.  

Зелинский көшесі, Ыстықкөл көшесінен №2 үйге дейін

0,145

  1.  

Хетагуров көшесінің 2 учаскесі: Тихов көшесінен №2 үйге дейін; Сейфуллин даңғылынан №40 үйге дейін

0,450

  1.  

Сарымолдаев көшесі, №37 үйден торапқа дейін

0,115

  1.  

Асфандияров көшесі, Мұқатай көшесінен Набережная көшесіне дейін, Қапшағай көшесі №28 үйге дейін

0,805

  1.  

Элеваторская көшесі, №263/13 үйден Сүйінбай даңғылына дейін

0,446

  1.  

Кузьмин көшесі, Кассин көшесінен №21 үйге дейін

0,070

  1.  

Набережная көшесі, Топчиев көшесінен №152 үйге дейін

0,715

  1.  

Александров көшесі, Меркулов көшесінен Успенский көшесіне дейін

0,200

  1.  

Песчаная көшесі, Тбилисская көшесінен №37 үйге дейін

0,075

  1.  

Сервантес көшесі, Палладин көшесінен №51 үйге дейін

0,051

  1.  

Монтажная көшесі, №13 үйден Майлин көшесіне дейін

0,675

  1.  

Рабочая көшесі, Палладин көшесінен №21 үйге дейін

0,300

  1.  

Сокольский көшесі, №23 үйден №13 үйге дейін

0,052

  1.  

Остроумов көшесі, №149 балабақшадан №80 үйге дейін

0,700

  1.  

Шацкий көшесі, Костромская көшесінен Земнухов көшесіне дейін

0,640

ҚОРЫТЫНДЫ:

5,439

Алатау ауданы

  1.  

Такежанов көшесі, ҮАК автожолынан Ұйғыр көшесіне дейін

1,956

  1.  

Шаңырақ-2 ықшамауданының жолдары

2,940

  1.  

Бағаналы Орда көшесі, Олжабай батыр көшесінен Боралдай көшесіне дейін

2,285

  1.  

Мәмбетов көшесі, Мөңке би көшесінен ҮАК автожолына дейін

3,310

  1.  

Әлмерек абыз көшесі, Көжеханов көшесінен Мәмбетов көшесіне дейін

0,410

  1.  

Веселов көшесі, Әубкәкіров көшесінен Жанқожа батыр көшесіне дейін

0,305

  1.  

Аманшин көшесі, Тойшыбек батыр көшесінен Жалаңтөс Бахадүр көшесіне дейін

0,175

  1.  

Байсейіт батыр көшесі, Жалаңтөс Бахадүр көшесінен №31 үйге дейін

0,430

  1.  

МТФ-1 (Веселов) көшесі, Әубәкіров көшесінен №52 үйге дейін

2,020

  1.  

Қаракемер көшесі, Әубәкіров көшесінен №9 үйге дейін

0,664

  1.  

Тұрысов көшесі, Үшқоңыр көшесінен Қаракемер көшесіне дейін

0,610

  1.  

Қарасаз көшесі, Сарыбастау көшесінен №75 үйге дейін

0,715

  1.  

Балқұдық көшесі, №1 үйден №68 үйге дейін

0,705

  1.  

Кереңқұлақ көшесі, Сарыбастау көшесінен №71 үйге дейін

0,600

  1.  

Ақжазық көшесі, №1 үйден №83 үйге дейін

0,885

  1.  

Ақжар көшесі, № 1 үйден № 71 үйге дейін

1,040

  1.  

Бозарал көшесі, №1 үйден №84 үйге дейін

0,500

  1.  

Жаңалық көшесі, Бесқайнар көшесінен №25 үйге дейін

0,300

  1.  

Бесқайнар көшесі, №3/1 үйден Такежанов көшесіне дейін

0,390

  1.  

Сұлутөбе көшесі, Ақжазық көшесінен Кереңқұлақ көшесіне дейін

0,130

  1.  

Күршім көшесі, Смаков көшесінен Шаяхметов көшесіне дейін

0,525

ҚОРЫТЫНДЫ:

20,895

БАРЛЫҒЫ:

111,422

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.