• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бауыржан Байбек «Көкжайлау» жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдыруды ұсынды

Алматыда Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында қала әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» курортын салуды кейінге қалдыруды ұсынды. 

Алматы әкімі коммерцияның қарқынды дамуы мен сауданың қысқаруын ескере отырып, тау локацияларын, жалпы туризмді дамыту электронды жұмыспен қамтуды, экономика өсімін және экспорттық түсімнің артуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды екенін атап өтті. Бүгінгі күні қалада бұл бағытты дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, жаңа архитектуралық келбет пайда болуда, тартымды нысандар бой көтеруде, Алматының халықаралық аренадағы өзіндік орны қалыптасуда. 

«Таулар – бәсекелестіктегі біздің басты артықшылығымыз, сондықтан біз оны ұтымды пайдалануымыз қажет. Австрия сарапшыларының бағасы бойынша, оны тиімді пайдалану үшін 7-10 жыл ішінде 1,5 млрд.доллар жұмсалса, онда экономикаға жыл сайын 2 млрд доллар пайда түседі. Ең маңыздысы – 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Дегенмен, біз экономиканың, әлеуметтің, экологияның тепе-теңдігін сақтауымыз қажет, яғни қоршаған ортаға әсері өте аз заманауи курорттарды салуға тиіспіз. Бұл істе асықпаған жөн деп есептеймін. Барлық сарапшылар пікірін, жаңа локациялар болашағын қарастырған жөн. Сондықтан жобаны тағы бір рет пысықтап, әзірге кейінге қалдыруды ұсынамын. Оның үстіне, жұмыс істеп тұрған курорттарды дамытудың өзі сарапшылардың пікірі бойынша кем дегенде 3-5 жылға созылады. Осы жылдар ішінде қажетті тәжірибені жинақтаймыз, кадрларды дайындаймыз, тұрғындардың және курорттар қонақтарының пікірлерін зерделейміз. Содан кейін ғана «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салуға кірісе аламыз», - деді Бауыржан Байбек. 

Айта кетерлігі, жаңа тұжырымдама аясында қаржылық шығын оңтайландырылды, қоршаған ортана әсер төмендетілді - құрылыс аймағы 14 есе қысқарып, ағаштарды сүру 26 есе азайды. 100 га жер Ұлттық паркке қайтарылады. «Көкжайлаудың» жаңа тұжырымдамасында жеке коттедждерді жобалау мүлдем болмайды.

Өткен жылдың қараша айында жобаның қоршаған ортаға тигізер әсерін алдын ала бағалау бойынша қоғамдық тыңдалым өтті. Бұл «Алматы-2020» бағдарламасынан кейінгі екінші қоғамдық тыңдалым. Орхусск конвенциясының барлық талаптары сақталды.

Қоғамдық тыңдалым қорытындысы бойынша ашық оқуға болатын 293 беттен тұратын хаттама жасалды. Өткен 5 ай ішінде ол сараптамадан өтті. Қорғаныс министрлігіне қарасты ЦСКА тау шаңғысы базасы қаланың коммуналдық меншігіне берілетін болғандықтан, «Master Concept» компаниясының консультанттары «Көкжайлау» курорты мен ЦСКА-ны біріктіруді ұсынды, ал бұл базалық станцияның локациясын өзгертеді. Жалпы, Шеберлік-жоспарда «Тау Парк» курорты мен Бутаковка шатқалын дамыту қарастырылған. Жаңа локацияларды «Көкжайлаумен» бірге бірыңғай кластерге енгізу қажет. Курортқа келушілердің 70%-ін қалалықтар құрайтындықтан плато аймағында қонақ үй салынбайды.

«Тау шаңғысы индустриясы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, куорттарды қаржыландыру қағидаты мынадай: жол және инженерлік инфрақұрылымдар толығынан мемлекет есебінен, коммерциялық нысандар жеке инвесторлар есебінен салынады, ал тау шаңғысын ішінара мемлекет субсидиялайды. Қазіргі кезде субсидиялаудың бұл тетігі үкіметпен талқылануда. Сондықтан «Көкжайлау» және басқа курорттар тек мемлекеттік бюджет есебінен ғана емес, аталған қағидат бойынша қаржыландырылуы тиіс. Яғни, жобаға бюджеттен барынша аз шығын жұмсай отырып, жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырған жөн. Ал, жобаға жұмсауға жоспарланған қаржыны өзге қалалық маңызды бағдарламаларға аудару қажет», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.