• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді

Күн сайынғы жұмыс сапары барысында  Алматы  әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді , сонымен қатар «Алматы-1» теміржол вокзалы мен оның айналасын аралап көрді. Мегаполис басшысы аталған аудан қаладағы бұрынғы елді  мекендердің бірі әрі мұндағылардың басым бөлігі жеке скетор екенін, сондықтан заманауи стандарттардың барлығына жауап беретін жаңа орталық қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

«Жүргіншілер үшін жайлы жағдай тек қала орталығында ғана болуы тиіс емес.Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында біз тұрғындар үшін  көшелер мен аулаларды, жүргінші кеңістіктерін жаңартып, жасыл желекті кеңейтеміз, парктер мен скверлерді тартымды етеміз.

Жүргіншілер жүретін тротуарларды басып қалған заңсыз құрылыстарды анықтау үшін жеке жұмыстар жүруде», - деді аралау кезінде Бауыржан Байбек.
Мысалы, жыл аяғына дейін Түрксіб ауданында жөнделген 80 ауладан өзге тағы да 50  аула жаңарады.Модернизация аясында жарық көздері ауыстырылады, спорт және бала  алаңдары пайда болады, жолдар жөнделеді. 

Биылғы жылы екі жер асты жолы күрделі жөнделеді және тоғыз көше жаңарады. Ержанов көшесінің шығысын және  Тынышбаев көшесінің оңтүстігін алып жатқан «Детский- Балалар» саябағындағы балалар және спорт алаңдары кеңейеді, жасыл желек қоры ұлғайып, суару жүйесі орнатылады. Бұлардан өзге, Сауранбаев көшесі бойында жүргінші аймағын жасау қарастырылған. 

Қала басшысы «Алматы-1»  теміржол вокзалында болғанда оған айналаны жаңарту,вокзалды күрделі жөндеуден өткізу және перрондарды кеңейту туралы баяндалды. Бауыржан Байбек қала қызметтеріне жүргіншілерге қиындық туғызбау үшін вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастыру сызбасын қайта қарауды, вокзал маңындағыы сквер мен оның  айналасын абаттандыруды тапсырды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.