• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бауыржан Байбек «Vision Zero» аясында жолдарды жаңарту жұмыстарын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жолдағы адам өлімін азайту жөніндегі «Vision Zero Almaty» жоспары аясында жол инфрақұрылымын реконструкциялау жұмыстарын тексерді.

Биылғы жазда қаладағы 140-тан астам жол орташа жөндеуден өткізілуде, 56 жол жаяу жүргіншілерге бейімделеді. Бұл – аялдама кешендеріндегі антиқалташалар, кең қозғалыс бөлігіндегі қауіпсіздік аралдары және жаяу жүргінші жолдары алдындағы қауіпсіздік аймақтары.

Жалпы, қала бойынша тұрғындардың белсенді атсалысуымен апаттылық деңгейі жоғары 72 проблемалы уческе анықталған, мұнда алдыңғы қатарлы мегаполистерге ұқсас бұрылыс радиустары тарылту, жаяу жүргіншілер үшін бағдаршам интервалын ұлғайту, тоқтау сызығын көшіру және т.б. жоспарлануда.

«Біз Алматы жолдарындағы адам өлімі деңгейін барынша азайтуға ұмтыламыз. Адамдар кейде қателікке ұрынады, сондықтан субьективті факторды азайтатын қауіпсіз инфрақұрылым жасаған жөн. Жаяу жүргінші қозғалыстың ең осал қатысушысы екенін ескере отырып, оған басымдық беріледі», - деді Бауыржан Байбек.

Бұдан өзге, жаңа 100 жаяу жүргінші жолын салу жоспарланған. Қала тұрғындарының көптеген өтініші бойынша 50 учаскеде қауіпсіздік аралдары жасалады, олар кең қозғалыс бөлігін бөліп тұрады. Әлеуметтік және білім беру нысандары маңында трапецияға ұқсас жаяу жүргінші жолдарын салу туралы шешім қабылданды.

Қала әкімі өз сөзінде қоғамдық көлікті, велосипед жолдары желісін дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, автокөлік пен велосипед қозғалысын бөлу үшін кедергілер орнатылатынын айтты. Арнайы қажеттіліктері бар жандар үшін қоғамдық кеңістікті модернизациялау және жайлы орта қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек Гоголь көшесін абаттандыруға қатысты бірқатар ескерту жасады. Мұнда жақын арада ескі ағаш діңгектері алынады, бір-біріне жақын орналасқан көше шамдарының бағаналары мен троллейбус желілері реттеледі. Қала басшысы көшені көгалдандыру, түрлі қоршауларды сүру, көлеңкелі кеңістікке көше жиһазын орнату қажеттілігіне назар аударды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.