• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бекшин: Блокбекеттер алынғанмен, карантин режимі сақталады

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын блокбекеттердің алынғанына қарамастан, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұстануға шақырды.

Қала тұрғындары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, маска тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтаулары тиіс. Көпшілік орындарға барудан сақ болу қажет.

Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 647 жағдайы тіркелген. Сонымен бірге, оның айтуынша, жұқтырудың 90 пайыздан астамы алдын ала тест пен скрининг жүргізу кезінде анықталады. Бір аптадағы күнделікті өсім жекелеген күндері 1,7%-дан 4,8%-ға дейін құраған. Бүгінде 1627 адам аурудан айығып, үйлеріне шыққан.

«Қаладағы топтар мен барлық осал контингенттер үнемі тұрақты бақылауда. Жүйелі түрде скринингтік зерттеу жүргіземіз. Қазіргі уақытта біз осыған дейін анықталған барлық дерлік ірі ошақ учаскелерін жойдық. Қаладағы жалпы жағдай бақылаумызда», — деп түсіндірді Ж.Бекшин.

«Біз карантин шараларының – тұрғындардың қалаға кіруі мен шығуына қатысты бір бөлігін алып тастадық. Біздің кәсіпорындарымыздың және бірінші кезекте, олардың қызметкерлерінің барлық шектеу шараларын қолданған жағдайда жұмыстарын қайта бастауына мүмкіндік бердік», — деді Ж.Бекшин.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.