• eng
  • қаз
  • рус

Бетперде киюді ұмытпаңыз: Алматы полициясы азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті

Алматы қаласының полиция қызметкерлері арнайы мониторингілік топтардың құрамында жүріп, карантиндік стандарттардың сақталуы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

«Біріншіден, біз бетперде режимін сақтау туралы айтып отырмыз, ол бүгінде азаматтардың жеке қорғануының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер карантинді сақтауды мүлдем тоқтатқан: олар медициналық бетпердені шешіп, қонаққа барып жүр, қолдарын және үйлерін антисептикпен тазалауды ұмытып кеткен. Ал бұл коронавирустық инфекцияның таралуына әсер ететін тікелей факторлар, бұл инфекцияның қолайлы ортасы. Осыған байланысты азаматтардың жаппай демалу орындарында және қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Полиция қызметкерлері, СЭС және аудан әкімдіктерінен құрылған ондаған мобильді топ өз жұмыстарын жалғастыруда», - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты және карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

«Бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы қауіпсіздігінің кепілі. Әркім қауіптің әлі сейілмегенін және қорғаныс құралы инфекцияның таралуын барынша азайтуға көмектесетінін түсінуі маңызды. Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарына бағытталған. Қандай да бір себептермен бетперде режимін сақтамайтын азаматтар үшін инспекторлар медициналық бетперде кию керектігін еске салып, оны ұсынады. Мұндай жұмыс барлық жерде жүргізіледі», - деп қорытындылады полковник Алмасбеков.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.