• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бір күн ішінде Алматыда карантин талаптарын бұзудың 20 жағдайы анықталды: эпидемиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты әкімдік санитарлық нормаларға бей-жай қарамауға шақырады

Алматыда қала аумағында карантиндік шаралардың сақталуына күшейтілген бақылау жалғасуда.

2020 ж.20 қазанында құрамына аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі аудандық басқармалардың мамандары кіретін Алматы қаласының мониторингтік топтары 56 аралап тексеру іс-шарасын өткізді.

Бақылау қорытындысы бойынша 21 нысанда карантин талаптары бұзылғаны  анықталды. Тиісті жұмыстар жүргізілді. Бетперде режимін бұзу бойынша жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама жасалды.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қызметіне тыйым салынған нысандар, сондай-ақ жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.

Әуезов ауданының мониторингтік топтары бірнеше нысаннан маска режимінің бұзылуын анықтады, соның ішінде Еуразиялық банк ғимараты, оптика, Абай көшесінің бойындағы лагманхана, «Алмасат» медициналық орталығы және т. б. бар.

Бостандық ауданында карантиндік шараларды бұзу қоғамдық тамақтану орындарында анықталды: «Jungle» рестобары, «Мармарис» дәмханасы, «Мармарис wok» дәмханасы.

Мониторингтік топ Наурызбай ауданындағы «Көктем» дүкенінен, «Буррито» дәмханасы, «Мандарин» дүкені, сондай-ақ сұлулық салоны мен кеңсе үй-жайында карантиндік іс-шаралардың бұзылғанын анықталды.

Қала кәсіпкерлерін эпидемиялық жағдай күрделене түскен кезде санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және келушілер мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын барлық сақтық шараларын: бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, дезинфекциялық құралдарды пайдалануды және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармауды жалғастыруға шақырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.