• eng
  • қаз
  • рус

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың ұйымдастырушысы: Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.


Орналасқан жері: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, 2-қабат, №220, №219 каб., пошталық мекенжайы: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, электрондық поштаның мекенжайы: info@almaty.upp.kz, байланыс телефондары: 272-02-56, 271-67-20.


Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік гранттар (жеке бизнесін құру үшін) ұсыну.

Конкурстың түрі: ашық конкурс.


Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, 2-қабат, №220, №219 каб.


Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын көрсетілген мекенжай бойынша өзі келіп, поштамен немесе өзінің өкілетті өкілі (өкілге берілген сенімхат болған жағдайда) арқылы (қосымшаға сәйкес) ұсынады.


Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 жылғы 1 наурыздан бастап, 2019 жылғы 20 наурызды қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).


Өтініш берудің басталу күні мен уақыты: 2019 жылғы 1 наурыз, сағат 09:00-ден бастап (жергілікті уақытпен).
Тапсырыс берудің аяқталу күні мен уақыты: 2019 жылғы 20 наурыз, сағат 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).


Көрсетілген мерзімнен кешігіп түскен өтініштер қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен http://www.almaty.upp.kz , http://almaty.atameken.kz , http://www.damu.kz  сайттарында танысуға болады.


«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру


1. Мемлекеттік гранттар:

  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
  • Ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге;
  • Ісін жаңадан бастап жатқан жас кәсіпкерлерге;
  • Әйелдерге, мүгедектерге және 50-ден асқан тұлғаларға беріледі.

2. Грант қаражаттарын алу мақсаты:

  • негізгі жабдықтар мен материалдар алу;
  • материалдық емес активтер алу;
  • технологиялар алу;
  • франшизаға құқық алу;
  • зерттеу жұмыстарымен, жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындар.

3. Ерекше жағдайлар

  • гранттың ең жоғарғы сомасы 3 000 000 теңгеден аспауы тиіс;
  • берілген грант сомасының 10%-ы кәсіпкермен бірлесе қаржыландырылуы тиіс;
  • грант қаражаттары жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алу және жалға алу төлемі ретінде пайдаланылмайды;
  • бизнес-идея жаңалықтары (мүгедектерге қолданылмайды).

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.