• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бос жатқан жерлердің орнында скверлер мен балалар алаңдары: Жаңа Алматы қалай абаттандырылуда

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданына жұмыс сапары кезінде қоғамдық кеңістіктердің абаттандырылу барысымен және инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуімен танысты.

Б. Сағынтаев иесіз бос жатқан жерлердің орнында пайда болған бірқатар қоғамдық кеңістіктерде болды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында «Ақбұлақ», «Шапағат», «Қарасу» ықшамаудандарында скверлер салынды және жөнделді, сонымен қатар Мөңке би көшесінде воркаут алаң іске қосылды.

«Спорттық және балалар аймағы бүлдіршінге толы болса, аллеяда ақсақалдар серуендеп жүр.Тұрғын үйлердің маңайы қаңырап бос тұрды дегенге сену қиын. Мұндағы тұрғындармен әңгімелесіп, жаңа қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстауға шақырдым», - деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ қала әкімі 78 гектар жерге әлеуметтік белсенділер мен эко-белсенділердің күшімен жыл басында салынған қарағайлы орманды абаттандыру барысымен танысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, суару жүйесі қарастырылған. Жалпы, Алатау ауданында жасыл желектердің аумағы екі есеге ұлғаяды, жасыл желектер саны 355 мыңға жетеді, оның 176 мыңы биыл Jasyl Almaty бағдарламасы аясында отырғызылады.

Сонымен қатар Б. Сағынтаев жол салу және жөндеу учаскелерін қарап шығып, «Ұлжан» және «Өжет» ықшамаудандарында инженерлік желілер мен сыртқы жарықтандыру жүйесін салу жұмыстарының барысымен танысты.

Алатау ауданының жеті ықшамауданында биыл ұзындығы 44,5 км орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша «Өжет», «Ақбұлақ», «Самғау», «Көкқайнар» ықшамаудандарында жыл соңына дейін жұмыс аяқталады. Сонымен қатар аудандағы төрт ықшамауданда 33 км жаңа жол салынды. Тоғыз ықшамауданда тағы 89 шақырым жол салынуда.

Бүгінгі таңда төрт ықшамауданда 30,5 км жол жөнделді, жыл соңына дейін сегіз ықшамауданда 68 км жолды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

«Бақытты отбасы» аудандық көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау орталығында Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевқа жыл ішінде жүргізілген трансформация нәтижелері таныстырылды. Оның нәтижесі көпбалалы аналардың белсенді өмірге араласуы болды. Жыл басынан бері 25 мың әйел «Isker ana» бағдарламасы бойынша базалық тренингілер мен оқу курстарынан өтті. 537 әйел «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша оқыды, оның 300-і грант алып, әр түрлі бағытта өз кәсібін ашты.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.